AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ұлттық жоба аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 767 млрд теңге бөлінді

25.06.2026
Санаты: Экономика
Ұлттық жоба аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 767 млрд теңге бөлінді

ADYM.KZ / Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Павлодар қаласында өткен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Жобалық кеңсенің көшпелі отырысында мәлім болды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығы, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылуы және қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Ұлттық жоба аясында 767 млрд теңге бөлініп, жалпы құны 164,8 млрд теңгені құрайтын 37 пилоттық жобаны іске асыруға мүмкіндік жасалған. Қазір құны 459 млрд теңге болатын 242 жоба конкурстық рәсімдер кезеңінде тұр, ал 175 нысан бойынша мердігерлер анықталған.

Жобалар халықаралық қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, «Бәйтерек» холдингі және мемлекеттік қолдау құралдары арқылы қаржыландырылуда.

Мониторинг қорытындысына сәйкес, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстары конкурстық рәсімдер мен келісімшарттарды рәсімдеу қарқыны бойынша артта қалып отыр.

Вице-премьер барлық қаржыландыру көздері қарастырылғанын айтып, өңірлерге құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы бастап, жобаларды сапалы орындауды тапсырды.

Павлодар облысы ұлттық жобаны жүзеге асырудағы белсенді өңірлердің бірі ретінде аталды. Өңірде соңғы 30 жылда алғаш рет инженерлік инфрақұрылымның тозуын тоқтатуға қол жеткізілген. 2025-2027 жылдары облыста жалпы құны 131,6 млрд теңгені құрайтын 55 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жиын қорытындысында жауапты органдарға кешігіп жатқан жобаларды жеделдету, конкурстық рәсімдерді қысқа мерзімде аяқтау және ұлттық жобаға отандық өндірушілерді кеңінен тарту тапсырылды.

Ілмек: Коммуналдық инфрақұрылымҮкіметҰлттық жоба
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
ХОК: Енді әрбір олимпиадашы арнайы грант алуға үміткер бола алады

ХОК: Енді әрбір олимпиадашы арнайы грант алуға үміткер бола алады

Ұсынамыз

Шымкентте түнгі рейд барысында 79 әкімшілік хаттама толтырылды

Шымкентте түнгі рейд барысында 79 әкімшілік хаттама толтырылды

19.10.2026
Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

08.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.