AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

11.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

ADYM.KZ / Шымкентте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытында 2026 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді.

Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті тарапынан 36 тексеру жүргізілген. Оның 17-сі профилактикалық бақылау аясында, 14-і жоспардан тыс тәртіппен өткізілсе, 5 тексеру белгіленген талаптарға сәйкестікті анықтауға бағытталған. Осылайша, тоғыз айдағы тексерулер саны өткен жылдың толық 12 айындағы 34 тексеруден асып отыр.

Тексеру нәтижесінде экологиялық талаптардың сақталуына қатысты 63 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 288,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 233,2 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Сонымен қатар анықталған заңбұзушылықтарды жою және экологиялық талаптарды сақтау бойынша кәсіпорындарға 36 нұсқама берілді.

Бақылау жұмыстары барысында атмосфералық ауаның сапасына, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың көлеміне және экологиялық рұқсат талаптарының орындалуына ерекше назар аударылуда. Қаладағы индустриялық аймақтарда орналасқан кәсіпорындардың қызметіне де жүйелі түрде бақылау жүргізіліп, экологиялық нормалардың сақталуы тексерілуде.

Мамандардың айтуынша, экологиялық бақылаудың негізгі мақсаты – тек анықталған заңбұзушылықтар бойынша жауапкершілік шараларын қолдану емес, қоршаған ортаға келетін зиянның алдын алу және оның себептерін жою. Осы ретте кәсіпорындарға өндірістік процестерді жаңғырту, тазарту қондырғыларының тиімділігін арттыру және экологиялық талаптарды қатаң сақтау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі түсіндіріледі.

Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев айыппұл салу негізгі мақсат еместігін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – қоршаған ортаның ластану себептерін анықтап, оларды жоюға ықпал ету. Кәсіпорындардың өндірістік процестерін жаңғыртып, экологиялық талаптарды сақтауына басымдық беріледі. Берілген нұсқамалардың орындалуы заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін бақылауда болады», – деді ол.

Қазіргі таңда экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Алдағы кезеңде атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсерін төмендету және қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз экологиялық жағдай қалыптастыруға бағытталған шараларға басымдық берілмек.

Ілмек: ШымкентЭкологиялық қауіпсіздік
SummarizeБөлісу235

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
В Шымкенте подвели итоги работы по обеспечению экологической безопасности за 9 месяцев

В Шымкенте подвели итоги работы по обеспечению экологической безопасности за 9 месяцев

Ұсынамыз

Премьер-министр өңірлерге «Таза Қазақстан» бойынша нақты тапсырмалар жүктеді

Премьер-министр өңірлерге «Таза Қазақстан» бойынша нақты тапсырмалар жүктеді

03.07.2026
Президент Ержан Сәденовті қабылдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Президент Ержан Сәденовті қабылдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін талқылады

17.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.