AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

08.09.2026
Санаты: Басты, Қоғам
Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда жұмыс күшіне сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында жоғары.

«Сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі 51-ден 174 кәсіпке дейін жаңартылып жатыр. Олардың қатарында инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және ядролық энергетика бағыттары бар», – деді Асқарбек Ертаев.

Оның сөзінше, технологиялық даму мен жасанды интеллект еңбек нарығына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Соның нәтижесінде кейбір кәсіптерге деген қажеттілік төмендеуі мүмкін.

Мысалы, мәтінді өңдеу және теру, деректерді енгізу, корректор секілді қызметтердің бірқатары автоматтандырылуы ықтимал.

Алайда министр еңбек нарығында мамандықтардың толық жойылуынан гөрі, олардың басым бөлігінің трансформацияланатынын атап өтті. Сонымен қатар еңбек нарығында бұрын болмаған жаңа кәсіптер мен қызмет бағыттары пайда болады.

«Кәсіптердің басым бөлігі трансформацияланады. Қызметтің мүлде жаңа бағыттары пайда болады. Бұл жағдайларда кадрлар даярлау жүйесі озық қарқынмен жұмыс істейді. Экономика салаларында перспективті мамандықтар алдын ала айқындалып, біліктіліктер мен білім беру бағдарламалары жедел жаңартылады», – деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда 2035 жылға дейін экономикаға қосымша 2,9 млн кадр қажет болатыны хабарланған еді. Бұл ретте еңбек нарығындағы сұраныстың өзгеруі білім беру және кадр даярлау жүйесін жаңа талаптарға бейімдеуді қажет етеді.

Ілмек: ҚазақстанМамандықСұраныс
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Бос уақытты ізгілікке арнау: Қайырымдылық шарасы шаһар жастарын ортақ іске біріктірді

Бос уақытты ізгілікке арнау: Қайырымдылық шарасы шаһар жастарын ортақ іске біріктірді

Ұсынамыз

Волейболдан U18 Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Волейболдан U18 Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

10.07.2026
Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі басталды

Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі басталды

24.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.