AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

19.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

Photo Valeriy BUGAYEV

ADYM.KZ / Павлодар облысының Баянауыл ауданында туристерге арналған Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы ашылды. Жаңа нысан өңірдің туристік әлеуетін арттырып, биыл курорттық аймаққа келетін туристер санын 300 мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты. Өңір басшысы туризмді дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Баянауылда кезең-кезеңімен заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр. Жаңа визит-орталық тек ақпараттық нысан ғана емес, өңірдің тарихы, мәдениеті мен рухани мұрасын цифрлық технологиялар арқылы таныстыратын орталыққа айналады.

Визит-орталық Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің келушілеріне қызмет көрсететін негізгі ақпараттық алаң болады. Мұнда туристер демалыс бағыттары, табиғи көрікті жерлер, киелі орындар мен мәдени мұра нысандары туралы толық мәлімет ала алады.

Жалпы аумағы 740 шаршы метр болатын кешенде интерактивті туристік карта, музей кеңістігі, конференц-зал, коворкинг, трансформер-кітапхана, кофехана, ана мен бала бөлмесі және демалыс аймақтары қарастырылған.

Орталықтың басты ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларының енгізілуі. Интерактивті мультимедиялық жүйелер арқылы келушілер Баянауылдың табиғаты, тарихы мен мәдени мұрасымен заманауи форматта таныса алады.

Іс-шара барысында өңірдің туризмін дамытуға үлес қосқан бірқатар азамат Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ белгілі өлкетанушы, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Алтынбек Құрмановтың «Көне Көктау оттары» кітабының тұсаукесері өтті. Басылымда өңір тарихына, тарихи-мәдени ескерткіштерге және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмахановтың мұрасына қатысты тың деректер топтастырылған.

Жұмыс сапары аясында Асайын Байханов Баянауылдың кіреберісінде бой көтерген жаңа стеламен де танысты. Биіктігі 30 метрлік сәулеттік нысанда салт атты бейнесі, ұлттық ою-өрнек және киіз үйдің кереге элементтері көрініс тапқан.

Соңғы жылдары Баянауылда туристік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сабындыкөл мен Жасыбай көлдерінің жағалауы абаттандырылып, жаңа жағажайлар, қоғамдық кеңістіктер мен қызмет көрсету нысандары салынуда.

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылы Баянауыл курорттық аймағына 270 мың турист келген. Ішкі туризм 27 пайызға, ал шетелдік туристер легі 25 пайызға артқан. Биыл өңірге келетін демалушылар саны 300 мың адамға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.

Жұмыс сапарының қорытындысы Сабындыкөл жағасында өткен Bayanaul FEST фестивалімен аяқталды. Мерекелік бағдарлама аясында спорттық жарыстар, отбасылық байқаулар және концерт ұйымдастырылып, сахнада Жұбаныш Жексенұлы, KeshYou, Нұрболат Абдуллин және Kalifarniya өнер көрсетті.

Ілмек: БаянауылЖИ жасанды интеллектПрезидент тапсырмасы
SummarizeБөлісу238

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Fitch Ratings Отбасы банкінің «BBB» рейтингін растады

Fitch Ratings Отбасы банкінің «BBB» рейтингін растады

Ұсынамыз

Шымкентте жастармен этносаясат пен діни сауаттылық мәселелері талқыланды

Шымкентте жастармен этносаясат пен діни сауаттылық мәселелері талқыланды

10.09.2026
Жолдағы мәдениет – өмір қауіпсіздігі: Шымкентте «Қауіпсіз жол» акциясы қалай өтуде?

Жолдағы мәдениет – өмір қауіпсіздігі: Шымкентте «Қауіпсіз жол» акциясы қалай өтуде?

29.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.