AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

15.06.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

ШЫМКЕНТ — ADYM.KZ / Шымкент қаласында кадрлық өзгерістер болып, Ішкі саясат басқармасы мен Балалар құқығын қорғау басқармасына жаңа басшылар тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және қала әкімінің өкімі негізінде Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Азамат Парманов тағайындалды.

Азамат Бұхарбайұлы 1991 жылы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2014 жылы мемлекеттік кірістер органдарында бастап, кейін Шымкент қаласы әкімдігі құрылымдарында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

Әр жылдары Еңбекші ауданы әкімдігі аппаратының бас маманы, қала әкімдігі аппаратының бас инспекторы, Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы және аудан әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. Сондай-ақ Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. Соңғы уақытқа дейін Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасын басқарды.

Сонымен қатар, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының Балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы қызметіне Мөлдір Кеуенова тағайындалды.

Мөлдір Тұрсынбекқызы 1985 жылы Төле би ауданында туған. Жоғары білімді маман М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Ж.Тәшенов атындағы университетте білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы жоғары оқу орнында оқытушы ретінде бастаған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, ішкі саясат саласында жетекші маманнан басқарма басшысының орынбасарына дейінгі қызметтік сатылардан өтті.

Әр жылдары Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының бөлім басшысы, бас инспектор, сондай-ақ ішкі саясат, дін істері, мәдениет және жастар саясаты бағыттарындағы басқармаларда басшылық қызметтер атқарған. Соңғы уақытта Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеді.

Жаңа тағайындаулар қаладағы әлеуметтік және қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ілмек: БасқармаТағайындауШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездеседі

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездеседі

Ұсынамыз

Ұлттық банк цифрлық теңгенің қауіпсіздік жүйесі туралы мәлімдеді

Ұлттық банк цифрлық теңгенің қауіпсіздік жүйесі туралы мәлімдеді

16.07.2026
Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

16.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.