AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.11.2026
Санаты: Аймақ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің еңбегін елеп, жетістіктерін көпшілікке үлгі ету, сондай-ақ, жастар арасындағы азаматтық белсенділікті арттырып, олардың жаңа бастамаларға деген ынтасын қолдау.

Мерекелік шара аясында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі әлеуметтік және жастар бастамаларының жүзеге асуына атсалысып жүрген 40-қа жуық жас арнайы марапатталды. Олардың қатарында білім ордаларында үздік нәтиже көрсетіп қана қоймай, қоғамдық өмірде де өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ұйымдастырушылық қабілетімен, бастамашылдығымен және белсенді азаматтық ұстанымымен танылған студенттер бар.

Студенттік шақ – адамның өміріндегі ең маңызды әрі мазмұнды кезеңдердің бірі. Бұл – білім көкжиегін кеңейтіп, кәсіби бағыт-бағдарын айқындайтын, өмірлік ұстанымы мен азаматтық көзқарасы қалыптасатын уақыт. Сонымен қатар, осы кезеңде жастар жаңа ортаға бейімделіп, түрлі қоғамдық жобаларға қатысу арқылы тәжірибе жинақтайды, өз мүмкіндіктерін сынап, болашаққа нық қадам жасайды. Сондықтан студенттердің тек оқу үлгерімі ғана емес, қоғамдық жұмыстарға араласуы, ел өміріне бейжай қарамауы да ерекше маңызға ие.

Жиында сөз сөйлеген Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Қуаныш Бауыржанұлы студенттерді мерекемен құттықтап, жастардың қоғам дамуындағы орны мен атқарып жүрген еңбегіне тоқталды.

– Бүгінгі шараның басты мақсаты – белсенді жастардың еңбегін елеп, олардың қоғам алдындағы абыройын асқақтату, жетістіктерін өзгелерге үлгі ету және жастар арасындағы азаматтық белсенділікті арттыру. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны 400 мыңнан асады. Оның ішінде 150 мыңға жуығы – студент жастар. Осындай қалың топтың арасынан суырылып шығып, қоғамдық өмірге белсене араласып, жастар саясатын қолдауға және қоғамның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген 40-қа жуық белсенді жас бүгін арнайы марапатталып отыр, — деді Қуаныш Серікбай.

Оның айтуынша, жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы олардың жеке қабілеттерін шыңдап қана қоймай, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді. Әсіресе, студенттердің әлеуметтік жобаларға, еріктілік қозғалыстарына, мәдени-көпшілік және танымдық іс-шараларға атсалысуы – олардың азаматтық белсенділігін арттырудың маңызды тетігі. Осындай ортада қалыптасқан тәжірибе жас буынның болашақта кәсіби маман ретінде де, қоғамның жауапты мүшесі ретінде де орнығуына жол ашады.

Сондай-ақ, ол жастарға ізгі тілегін арнап, білім жолындағы ізденістері мен бастамаларына сәттілік тіледі.

– Баршаңызды алдағы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Оқуда озат, еңбекте табысты болыңыздар! Алға қойған мақсат-мұраттарыңыз орындалып, асқақ армандарыңызға жетулеріңізге тілектеспін. Елдің ертеңі, қаланың мақтанышы болатын жалынды жастардың қатары көбейе берсін! — деді ол.

Жалпы, бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман, елдің дамуына үлес қосатын азамат. Қоғамның интеллектуалдық әлеуеті мен рухани келбеті де білімді, ізденімпаз әрі жауапкершілігі жоғары жас буынның қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, жастардың еңбегін бағалап, олардың бастамаларына қолдау көрсету – келешекке жасалған маңызды инвестиция.

Марапаттау рәсімі студенттердің мерекелік көңіл күйін еселей түсіп, олардың еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Мұндай басқосулар жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен бөлісуіне және ортақ мақсат жолында ынтымақтасуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Шымкенттегі жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі – жас буынның әлеуетін ашу, қоғамдық бастамаларын қолдау және олардың қала өміріне белсенді араласуына жағдай жасау. Ал, бүгінгі марапат иелерінің жетістігі – өз қатарластарына үлгі, еңбектің, ізденістің және азаматтық жауапкершіліктің нәтижесі. Жастардың жігері мен жасампаз бастамалары қаланың дамуына тың серпін беріп, ел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз.

Ілмек: СтудентШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

Ко Дню студентов наградили активную молодежь

Ко Дню студентов наградили активную молодежь

Автор: adym
17.11.2026
0

В Молодежном ресурсном центре Шымкента прошло праздничное мероприятие, приуроченное к Международному дню студентов. Главная цель встречи — отметить заслуги юношей и девушек, проявляющих высокую активность в учебе и...

Келесі
Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Ұсынамыз

Қазақ сахна өнерінде жаңа қойылымдарға сұраныс артты

Қазақ сахна өнерінде жаңа қойылымдарға сұраныс артты

27.05.2026
Вандализм мен мүлікке зиян келтіру: Шымқала инфрақұрылымын қорғау – ортақ парыз

Вандализм мен мүлікке зиян келтіру: Шымқала инфрақұрылымын қорғау – ортақ парыз

29.08.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.