AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

19.11.2026
Санаты: Аймақ
Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл – университет тарихындағы маңызды белес әрі ұжымға артылған үлкен сенім. Мемлекет басшысының бұл шешімі оқу орнының көпжылдық тарихына, ғылыми әлеуетіне, қалыптасқан білім беру дәстүріне және ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

1930 жылы негізі қаланған университет еліміздің оңтүстік өңіріндегі жоғары білім мен ғылымның ірі орталықтарының біріне айналды. Осы жылдар ішінде оқу орны талай білікті маман даярлап, отандық ғылым мен өндірістің, білім беру мен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Бүгінде университетте түрлі бағыт бойынша мамандар даярланып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Оқу орнының ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Университет отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатып, білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасуға басымдық беріп отыр.

«Ұлттық» мәртебе университеттің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, оның білім беру және ғылыми-зерттеу бағытындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жаңа серпін береді. Сонымен қатар бұл шешім жоғары білім сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға және ғылымның ел экономикасы мен қоғам игілігіне қызмет етуіне жол ашады.

Жаңа мәртебе университеттің алдағы даму кезеңіне тың серпін беріп, оның еліміздің білім және ғылым кеңістігіндегі орнын нығайта түседі.

Ілмек: Мұхтар ӘуезовПрезидентуниверситетҰлттық мәртебеШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Ко Дню студентов наградили активную молодежь

Ко Дню студентов наградили активную молодежь

Автор: adym
17.11.2026
0

В Молодежном ресурсном центре Шымкента прошло праздничное мероприятие, приуроченное к Международному дню студентов. Главная цель встречи — отметить заслуги юношей и девушек, проявляющих высокую активность в учебе и...

Ұсынамыз

Студенттер пікірсайыста бақ сынады

Студенттер пікірсайыста бақ сынады

29.10.2026
Колледж студенттеріне этносаралық келісім мен діни сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Колледж студенттеріне этносаралық келісім мен діни сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

19.09.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.