AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте тұңғыш рет ұлттық мереке – Республика күніне орай «Бүгінгі Қазақстан» ауқымды мюзиклі өтті

29.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте  тұңғыш рет ұлттық мереке – Республика күніне орай «Бүгінгі Қазақстан» ауқымды мюзиклі өтті

ADYM.KZ /  Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында тұңғыш рет ел тарихы мен заманауи өнерді тоғыстырған «Бүгінгі Қазақстан» атты ауқымды мультиформатты музыкалық-театрландырылған қойылым сахналанды. «Шымкент концерт» концерттік ұйымы ұсынған бұл туынды Тәуелсіздік жылдарымен тағдырлас бір әулеттің өмір жолын арқау етіп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Қойылымның басты идеясы – Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдардан бергі 35 жылдық даму жолын сахналық өнер арқылы бейнелеу. Мюзиклдің бас кейіпкері Әділ 1991 жылдың 16 желтоқсанында – ел тәуелсіздігі жарияланған күні дүниеге келеді. Оның есею кезеңдері жас мемлекеттің қалыптасуымен, іргелі өзгерістерімен қатар өрбиді.
Қойылым желісінде ұлттық валюта – теңгенің айналымға енуі, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі, Астананың бой көтеруі, 2020 жылғы пандемия кезіндегі дәрігерлердің қайсар ерлігі және кейінгі жылдары қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы сияқты тарихи белестер шынайы әрі әсерлі бейнеленген.

– Бұл ауқымды жобаны дайындауға бір айға жуық уақыт кетті. Қойылымның ауқымы өте кең, себебі мұнда тек театр өнері емес, заманауи музыка, хореография және ауқымды LED-технологиялар бір арнаға тоғысты. Әрбір көрермен осы сахнадан өз өмірінің бір бөлшегін, елдің даму жолын көре алсын деп бар күшімізді салдық, — деді қойылым режиссері Медет Ағабылов

«Бүгінгі Қазақстан» – бұл театр, мюзикл, хореография, LED-технологиялар және заманауи режиссура тоғысқан синтезді өнер туындысы. Сахнада 140-қа жуық өнерпаз – актерлер, бишілер мен вокалистер өнер көрсетті.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі барлық музыкалық туындылар мен әндердің жанды дауыста орындалуында. Әншілер мен вокалисттердің орындауын «Qazaq groove project» вокалды-аспаптық ансамблі сүйемелдеп, сахнадағы әсерді арттыра түсті.

– Мұндай форматтағы жобада тұңғыш рет жұмыс істеудеміз. Бұл қойылымға арнайы музыкалар жазылды, арнайы аранжировкалар жасалды. Музыкалық сүйемелдеу мен әншілердің дауысы біртұтас үйлесім тауып, көрерменге ерекше әсер сыйлады деп ойлаймын, -деді «Qazaq groove project» вокалды-аспаптық ансамблінің көркемдік жетекшісі Жандос Аппазов.

Сонымен қатар, қойылымның әрбір бөлімі үшін арнайы дайындалған LED-контент сахналық декорациямен шебер үйлестіріліп, өткен мен бүгіннің арасын ерекше суреттей білді. Бишілер тобының үйлесімді пластикасы мен сахналық қимылдары қойылымның динамикасын аша түсті.

Мюзикл тек өткенге шолу жасап қана қоймай, адал еңбек, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік пен әділетті қоғам құру идеяларын дәріптейді. Оқуын Астанада аяқтап, туған қаласына оралған кейіпкердің таңдауы арқылы әрбір азаматтың ел дамуына қосатын үлесі маңызды екенін көрсете білді.
Кеш соңында барлық өнерпаздар мен көрермендер бірге шырқаған патриоттық туындылар залдағы халықтың асқақ рухы мен мерекелік атмосферасын айшықтай түсті. Республика күніне арналған бұл шара Шымкенттің мәдени өмірін тағы бір белеске биіктетті.

Ілмек: Бүгінгі ҚазақстанмюзиклРеспублика күніШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Құқықтық сауаттылық – заңға құрметтен басталады

Құқықтық сауаттылық – заңға құрметтен басталады

Ұсынамыз

Елорда аспанында алғаш рет eVTOL аэротаксиі сынақтан өткізіледі

Елорда аспанында алғаш рет eVTOL аэротаксиі сынақтан өткізіледі

23.07.2026
Шымкенттегі «Арбат» саябағында жастарға «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқықтық кеңес берілді

Шымкенттегі «Арбат» саябағында жастарға «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқықтық кеңес берілді

04.09.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.