AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде

03.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде

ADYM.KZ / Отбасылық цифрлық картаның (ОЦК) деректерін талдау нәтижесінде Шымкент қаласында NEET санатындағы жастар санының төмендеу динамикасы байқалады. Атап айтқанда, 2024 жылы бұл көрсеткіш 12 649 адамды құраса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 932 адамға дейін төмендеген. 2026 жылдың шілде айында NEET санатындағы жастар саны 6 484 адам болса, қыркүйек айында 5 805 адамды құрады.

NEET санатындағы жастар санының өзгеру динамикасын ескере отырып, жастардың әлеуметтік жағдайын зерделеу және оларды қоғамның белсенді өміріне тарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта 5 805 жасқа жеке хабарласу арқылы талдау жұмыстары ұйымдастырылды. Оның барысында жастардың әлеуметтік жағдайы, жұмыспен қамтылуы, білім алуы, кәсіби бағыты және мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілігі зерделенді.

Аталған жұмыстарға Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының Полиция департаменті, Шымкент қаласының Мансап орталығының мамандары, аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері және салалық басқармалардың өкілдері қатысты.

Жастардың әрқайсысының жағдайын нақты зерделеу арқылы оларға қажетті қолдау тетіктерін анықтауға басымдық берілді. Осы мақсатта NEET санатындағы жастардың тізімі 17 санатқа бөлініп, әр бағыт бойынша тиісті салалық басқармаларға, аудан әкімдіктеріне және құзырлы органдарға жолданды. Бұл тәсіл жастармен жүргізілетін жұмысты нақты бағыттар бойынша ұйымдастырып, олардың мәселелерін тиісті деңгейде қарауға мүмкіндік береді.

Жұмыс барысында жастардың бір бөлігіне жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес берілсе, енді біріне кәсіптік оқуға қатысу, білімін жалғастыру немесе жаңа мамандық меңгеру мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастарға қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Жастарға бос жұмыс орындары, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстары, қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу талаптары мен қажетті құжаттар жөнінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық жұмыстардың маңызды бағыты – жастарды еңбек нарығына бейімдеу және олардың әлеуетін тиімді іске асыруға жағдай жасау. Осы ретте әр жастың қызығушылығы мен мүмкіндігіне қарай тиісті бағыт ұсынуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізуіне ықпал ету көзделген.

Сонымен қатар NEET санатындағы жастар арасында құқықтық және әлеуметтік мәселелердің алдын алу, қоғаммен байланысын нығайту және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде.

Жалпы, ОЦК деректерін тұрақты талдау, жастардың жағдайын жеке зерделеу және жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы NEET санатындағы жастармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жастарды жұмыспен қамтуға, білім алуға және кәсіби тұрғыдан дамуына қолдау көрсетуге бағытталатын болады.

Ілмек: NEET санатыЖастарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкент: Жастарға қалдықтарды дұрыс басқару және экологиялық талаптар түсіндірілді

Шымкент: Жастарға қалдықтарды дұрыс басқару және экологиялық талаптар түсіндірілді

Ұсынамыз

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

Сенбілікте бас қосқан мың жас: Шымкентте ауқымды экологиялық акция өтті

19.09.2026
Қ.Тоқаев: Қазақстандағы жас аналарды қолдау жүйесінің Батыс елдерінде баламасы жоқ

Қ.Тоқаев: Қазақстандағы жас аналарды қолдау жүйесінің Батыс елдерінде баламасы жоқ

18.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.