AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент: Жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары айтылды

03.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент: Жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары айтылды

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жұмабек Тәшенов атындағы университетінде «Қауіпсіз отбасы – бақытты болашақ» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның себептері мен адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянды салдарын түсіндіру, сондай-ақ жастардың қауіп-қатерді дер кезінде танып, қиын жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Үміт Қайсарқызы Қоңрат, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Анарбаева Әсемай Есенқызы, Тұран ауданы Ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «АСЫЛ АНАЛАР» тобының мүшесі, қоғам белсендісі Ғалия Пірәліқызы Аймбетова және «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының аймақтық өкілі Тонтекова Калдар Жумабаевна қатысты.

Кездесу барысында мамандар отбасындағы өзара сыйластық, сенім мен жауапкершіліктің маңызына тоқталды. Қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық, физикалық және әлеуметтік салдары түсіндіріліп, оның алғашқы белгілерін дер кезінде байқаудың маңыздылығы айтылды.

Психолог Үміт Қайсарқызы Қоңрат отбасындағы қарым-қатынастарда эмоцияны басқару, өз сезімін дұрыс жеткізу және жанжал жағдайында тиімді коммуникация орнату мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған кезде адамның психологиялық жағдайын тұрақтандырудың және дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Полиция капитаны Анарбаева Әсемай Есенқызы тұрмыстық жанжалдың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық түсінік берді. Қатысушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіп төнген жағдайда тиісті қызметтерге хабарласу және құқықтық көмекке жүгіну тәртібі жөнінде ақпарат ұсынылды.

Ал қоғам белсендісі Ғалия Пірәліқызы Аймбетова отбасындағы аға буынның тәрбиелік және қоғамдық рөліне тоқталып, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттаудың маңызына назар аударды. «АСЫЛ АНАЛАР» тобының жұмысы аясындағы тәжірибелермен бөлісіп, өзара түсіністік пен құрметке негізделген отбасылық ортаның маңызын атап өтті.

«АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының аймақтық өкілі Тонтекова Калдар Жумабаевна отбасылық қиындықтарға тап болған азаматтарға қолдау көрсету бағыттары туралы айтып, қиын жағдайда жалғыз қалмай, тиісті мамандар мен ұйымдардың көмегіне жүгінудің қажеттігін түсіндірді.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, отбасылық қарым-қатынас, психологиялық қолдау, құқықтық қорғаныс және қиын жағдайдан шығу жолдары бойынша мамандардан жауап алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттырып, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жастардың қауіп-қатерді ерте анықтап, өздерін және жақындарын қорғау бойынша қажетті ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Іс-шара қорытындысында қатысушыларға отбасындағы татулық пен өзара құрметті сақтау, туындаған мәселелерді бейбіт жолмен шешуге ұмтылу және қажет болған жағдайда кәсіби көмекке дер кезінде жүгіну жөнінде ұсыныстар берілді.

Ілмек: Жастартұрмыстық зорлық-зомбылықШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде

Шымкентте NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде

Ұсынамыз

Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады

Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады

10.06.2026
Әлемдік рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет атанды

Әлемдік рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет атанды

09.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.