AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Президентке мемлекеттік аудит нәтижесі баяндалды: 13 ірі тексерудің қорытындысы жарияланды

07.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Президентке мемлекеттік аудит нәтижесі баяндалды: 13 ірі тексерудің қорытындысы жарияланды

ADYM.KZ / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, ведомствоның 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы туралы есебін тыңдады.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов биылғы алғашқы алты айда жалпы сомасы 5,8 триллион теңгені қамтыған 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілгенін мәлімдеді.

Тексеру жұмыстары өңірлердің жергілікті атқарушы органдарын, «Проблемалық кредиттер қоры», «Аграрлық корпорация», «Қазпошта», «Ақтау теңіз порты» акционерлік қоғамдарын, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы мен бірқатар мемлекеттік органдарды қамтыған.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 128 миллиард теңге қайтарылған. Сонымен қатар Үкіметке және аудит жүргізілген ұйымдарға 35 ұсыным мен 413 нұсқама жолданған.

Мемлекет басшысының бюджет үдерісін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ұлттық заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілген. Атап айтқанда, макроэкономикалық болжамды қалыптастырудың жаңа тәртібі бекітіліп, мемлекеттік қаржының жұмсалуына қатысты қазыналық бақылау күшейтілген. Сондай-ақ жылдың төртінші тоқсанында бюджетке түзету енгізуге тыйым салынған.

Президентке жекешелендіру үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да ақпарат берілді.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланып отыр. Оның төртеуі Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының қызметі, сондай-ақ фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау тетіктері тексеріледі.

Бұдан бөлек, газ саласы, инвестициялық саясат, «Жасыл даму» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметі, жекелеген ұлттық жобалар мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы да аудиттен өтеді.

Сонымен қатар Ұлттық құрылтаймен өзара іс-қимыл аясында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына бағалау жүргізу жоспарланған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру, заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Ілмек: 13 ірі мемлекеттік аудитПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Жастар арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық балуандардың еншісінде 18 медаль

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық балуандардың еншісінде 18 медаль

Ұсынамыз

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

25.07.2026
Энрике Иглесиас «Алға, Қазақстан!», — деп жанкүйерлерін қуантты

Энрике Иглесиас «Алға, Қазақстан!», — деп жанкүйерлерін қуантты

26.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.