AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент: Спорт – жастарды белсенді өмірге бастайтын маңызды бағыт

25.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент: Спорт – жастарды белсенді өмірге бастайтын маңызды бағыт

ADYM.KZ /  Шымкент қаласында жастарды бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «ReLife» жобасы аясында кіші футболдан турнир өтті.

Спорттық шара Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Турнирге қаланың бес ауданынан 10 құрама команда қатысып, спорттық шеберліктерін ортаға салды.

Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, белсенді өмір салтын кеңінен насихаттау және жастардың дене белсенділігіне қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар мұндай спорттық шаралар жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, жаңа орта қалыптастырып, өзара қарым-қатынас пен командалық мәдениетті нығайтуына мүмкіндік береді.

Турнир барысында командалар алаңда жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Ойындар тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің спорттық шеберлігімен қатар, командалық ұйымшылдығы мен өзара қолдау мәдениетін танытты. Әр кездесуде ойыншылар тәртіп пен спорттық әдеп қағидаттарын сақтап, нәтижеге жету жолындағы табандылығын көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастар арасында еңбекқорлық, жауапкершілік, тәртіп және белсенді өмір салтын қалыптастырудың маңызын үнемі атап келеді. Осы тұрғыдан алғанда, жастарды спортқа кеңінен тарту – олардың денсаулығын нығайтумен қатар, жауапкершілік пен командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Әбдәкімов қатысып, турнирге қатысушыларды құттықтады.

Басқарма басшысы жастарды спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырып, дене белсенділігінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ спорттың жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, өзара қолдауға және командалық рухқа тәрбиелейтінін айтып, қатысушыларға мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі.

«ReLife» жобасы аясындағы мұндай бастамалар жастардың шығармашылық, спорттық және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Спорттық шаралар арқылы жастардың әлеуетін ашуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын күнделікті дағдыға айналдыруға жағдай жасалуда.

Жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ілмек: ЖастарСпортШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте жастардың еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған жоба басталды

Шымкентте жастардың еңбек нарығына бейімделуіне бағытталған жоба басталды

Ұсынамыз

Италиядағы әлем кубогында қазақстандық спортшылар топ жарды

Италиядағы әлем кубогында қазақстандық спортшылар топ жарды

16.07.2026
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

15.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.