AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

17.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының зияны туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Шымкент қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасы аясында мектеп оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге есірткі заттарының адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зардабын жан-жақты түсіндіру, олардың зиянды әдеттерге қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Кездесуге жоба координаторы, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы С. Байзахова және психолог А. Тұрсынбаева қатысып, оқушыларға нашақорлықтың алдын алу және оның қауіпті салдары туралы арнайы лекция өткізді.

Мамандардың айтуынша, жасөспірімдік кезеңде қоршаған ортаның, достардың және әлеуметтік ортаның ықпалы ерекше сезіледі. Сондықтан жастарға есірткінің зияны туралы тек ақпарат беріп қана қоймай, кез келген күмәнді ұсынысты қабылдамай, өз таңдауына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру маңызды.

Кездесу барысында есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Оның денсаулыққа ғана емес, адамның психологиялық жағдайына, әлеуметтік ортасына, оқуына, қарым-қатынасына және болашақтағы өміріне де елеулі қауіп төндіретіні айтылды.

Сонымен қатар оқушыларға есірткіге тәуелділіктің қалай қалыптасатыны, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары және қиын жағдайға тап болған кезде дер кезінде мамандардың көмегіне жүгінудің маңызы түсіндірілді.

Психолог А. Тұрсынбаева жасөспірімдермен еркін форматта жұмыс жүргізіп, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау мәселесіне тоқталды. Әсіресе қатарластары тарапынан болуы мүмкін жағымсыз ұсыныстарға «жоқ» деп айта білу, өз ұстанымын қорғай алу және эмоциялық қысымға берілмеу қажеттігі айтылды.

Маман оқушыларға өз ортасын дұрыс таңдаудың да маңызды екенін атап өтті. Өйткені адамның күнделікті араласатын ортасы оның мінез-құлқына, әдетіне және шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін. Осы ретте жастарға бос уақытын пайдалы өткізуге, спортпен шұғылдануға, шығармашылықпен айналысуға және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға кеңес берілді.

Кездесуде есірткіге қатысты заңнамалық жауапкершілік мәселелері де назардан тыс қалмады. Жасөспірімдерге есірткі заттарын тарату, сақтау немесе өзге де заңсыз әрекеттердің құқықтық салдары түсіндіріліп, кез келген күмәнді жағдайдан аулақ болудың маңызы айтылды.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастардың есірткіге қатысты дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, қауіптің алдын алуға және салауатты өмір салтын таңдауға ықпал етеді.

Жастардың дені сау, саналы әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы – қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жүйелі профилактикалық жұмыстарды жүргізу, жасөспірімдермен ашық диалог орнату және оларға қажетті ақпарат пен психологиялық қолдау көрсету өзекті болып қала береді.

Жоба аясындағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, қала жастары арасында есірткінің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды қамтитын болады.

Ілмек: ЖастарСлауатты өмірШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Күмәнді сілтемеден дропперлікке дейін: Шымкент студенттеріне киберқауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Күмәнді сілтемеден дропперлікке дейін: Шымкент студенттеріне киберқауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Ұсынамыз

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

17.07.2026
Жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда

25.09.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.