AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

17.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

ADYM.KZ /  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Таиландты Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетіне жоғары баға берді.

Ақорданың мәліметінше, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 пайызға өсіп, 110 миллион доллардан асты.

Президенттің айтуынша, бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік мол. Әсіресе, аграрлық өнімдер экспортын арттыру арқылы өзара сауда көлемін едәуір көбейтуге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында екі ел үкіметтері арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды. Сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Президенттің сөзінше, Таиланд қазақстандық туристер ең көп таңдайтын бағыттардың бірі саналады. Былтыр бұл елге 150 мыңнан астам Қазақстан азаматы барған. Сонымен қатар Қазақстан да Таиланд азаматтарына, оның ішінде қысқы туризм бағытында тартымды демалыс мүмкіндіктерін ұсына алады.

Өз кезегінде Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракул екіжақты ынтымақтастықты өзара мүддеге сай барлық бағытта дамытуға ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, экономика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Ілмек: Президент Қасым-Жомарт ТоқаевТаиландТуризм
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қытай БАҚ-тары Тоқаевтың сапары мен ЖИ жөніндегі бастамаларын кеңінен жариялады

Қытай БАҚ-тары Тоқаевтың сапары мен ЖИ жөніндегі бастамаларын кеңінен жариялады

Ұсынамыз

Елорданың 30 ауласында бұқаралық спортты дамытатын AULAFIT жобасы іске қосылды

Елорданың 30 ауласында бұқаралық спортты дамытатын AULAFIT жобасы іске қосылды

17.06.2026
G7 саммиті аясында Трамп Зеленскиймен келіссөз өткізеді

G7 саммиті аясында Трамп Зеленскиймен келіссөз өткізеді

16.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.