AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент жастары «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының негізгі идеяларын талқылады

16.09.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент жастары «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының негізгі идеяларын талқылады

ADYM.KZ / Орталық Азия Инновациялық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған тағылымды кездесу өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, мемлекет пен қоғамның дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау және жас буынның ел болашағына қатысты азаматтық көзқарасын қалыптастыру.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына Мемлекет басшысының әр жылдары айтқан таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары енгізілген. Басылым 1994 жылдан бергі отыз жылдан астам кезеңді қамтиды. Кітаптағы материалдар 21 тақырыптық бағыт бойынша жүйеленіп, мемлекет пен қоғамның дамуы, заң мен тәртіп, білім мен ғылым, мәдениет, ұлттық құндылықтар, жастар, цифрландыру және басқа да өзекті мәселелерді қамтиды.

Кездесуге Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры Ерлан Зүлмәтұлы Оңласынов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, PhD, философия докторы, қауымдастырылған профессор м.а. Айгерім Тойлыбаевна Өзенбаева және жас ғалым, абайтанушы, докторант, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасөз хатшысы Әзімхан Үсенұлы Исабек қатысты.

Басқосу барысында кітапта көтерілген мәселелердің бүгінгі қоғам үшін маңызына назар аударылды. Әсіресе әділеттілік, заңға құрмет, қоғамдық жауапкершілік, білім мен ғылымның рөлі, ұлттық құндылықтар және жастардың ел дамуындағы орны төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынды.

Қатысушылар кітаптағы әр кезеңге қатысты ой-тұжырымдарды талқылай отырып, қоғамның дамуымен бірге азаматтың жауапкершілігі де арта түсетінін атап өтті. Әділетті қоғам қалыптастыру мәселесі тек мемлекеттік институттардың міндеті емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы мен іс-әрекетіне де байланысты екені айтылды.

Жастардың пікіріне де ерекше мән берілді. Студенттер елдің болашағы, білім алудың маңызы, қоғамдық белсенділік және азаматтық жауапкершілік жөніндегі өз ойларын ортаға салып, кітапта қамтылған мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Кездесуде кітаптың жастар үшін берер тағылымы да сөз болды. Қоғамдағы өзгерістерді түсіну, ел тарихына зер салу, мемлекет дамуының түрлі кезеңдеріне қатысты ойларды саралау және өз ұстанымын қалыптастыру үшін мұндай еңбектердің маңызы атап өтілді.

Сонымен қатар бүгінгі жас ұрпақ үшін білім мен ғылымға ұмтылу, еңбекқорлық, заңды құрметтеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну секілді ұстанымдардың өзектілігі айтылды.

Жиын барысында қатысушылар кітапты бір ғана таныстырылым аясында қалдырмай, ондағы ойларды жастар арасында кеңінен талқылаудың маңыздылығына тоқталды. Себебі кітаптағы материалдар елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуына қатысты әр жылдардағы пікірлерді жүйелі түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылармен және мамандармен еркін пікір алмасты. Басқосу студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ел дамуы, әділеттілік, адамгершілік және азаматтық жауапкершілік мәселелері туралы ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді.

Жалпы, мұндай кездесулер жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді талдауға, түрлі пікірлерді тыңдауға және азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ілмек: ЖастарКітапҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ұсынамыз

Еліміздің жаңа киберқауіпсіздік стратегиясы бойынша жаңа стратегиялық бағдарлама әзірленді

Еліміздің жаңа киберқауіпсіздік стратегиясы бойынша жаңа стратегиялық бағдарлама әзірленді

26.05.2026
Гуйяндағы Әлем кубогында рингке шығатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

Гуйяндағы Әлем кубогында рингке шығатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

17.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.