Ұлытау облысының орталығы мен моноқалаларында инфрақұрылымды жаңартудың жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.
Өңірде көп жылдар бойы қордаланған апатты және ескі үйлерді сүру жұмыстары қолға алынды.
Бұл қадам аймақтағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қалалардың сәулеттік келбетін заманауи урбанистика талаптарына сай өзгертуге мүмкіндік береді.
Сүрілген үйлердің орнына заманауи тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Ал апатты үй иелеріне мемлекет тарапынан жаңа баспаналар мен өтемақылар беру процесі заң аясында ретке келтірілген.








