Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі мен кедендік бақылау департаментінің мамандары Ақтау халықаралық әуежайында ірі шекаралық құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.
Тексеру амалдары барысында шетелден ұшып келген азаматтың контрабандалық жолмен, яғни өз ағзасында (жұтып алу әдісімен) 1 килограммға жуық апиын есірткі затын ел аумағына өткізбек болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Аймақтағы құқық қорғау органдары транзиттік дәліздердегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында бақылау шараларын барынша қатаңдатты.








