AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жастармен зорлық-зомбылықтың алдын алу және денсаулықты қорғау мәселелері талқыланды

08.10.2026
Санаты: Аймақ
Жастармен зорлық-зомбылықтың алдын алу және денсаулықты қорғау мәселелері талқыланды

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ университетінде «Психикалық денсаулық – өмір сапасының негізі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың психологиялық және құқықтық сауаттылығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің ықтимал кері әсерлері, оның алдын алу жолдары және қиын жағдайларда тиісті мамандарға жүгінудің маңызы талқыланды. Қатысушыларға өз құқықтарын білу, жеке қауіпсіздігін сақтау және денсаулығына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмау қажеттігі түсіндірілді.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ Психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог маманы Әлімқұл Ақсымбат, «Камея» клиникасының акушер-гинекологы Умиралиева Ұлбала Қасымқызы, Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Асқар Тұрдымұратұлы Алимбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы ОТЗЗҚКБ инспекторы, полиция лейтенанты Ахмет Сымбат Батырбекқызы және Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Бахытжан Тұрсынбаевич Бекбаев қатысты.

Мамандар жастарға психикалық денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіріп, эмоционалдық қиындықтарды елемей жүре бермей, қажет болған жағдайда психологтың көмегіне жүгінуге кеңес берді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамау, қауіп төнген жағдайда сенімді ересектерге немесе тиісті органдарға хабарлау қажеттігі айтылды.

Акушер-гинеколог репродуктивті денсаулықты қорғау, жүктіліктің алдын алу және денсаулыққа қатысты сұрақтар бойынша медициналық маманнан уақтылы кеңес алудың маңызын атап өтті. Ал құқық қорғау және прокуратура өкілдері жастарға өз құқықтарын білу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларда дұрыс әрекет ету жөнінде ақпарат берді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың психологиялық, медициналық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне саналы түрде қарауына ықпал етеді.

Ілмек: ЖастарЗорлық-зомбылықШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Салауатты өмір салты: Медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті

Салауатты өмір салты: Медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті

Ұсынамыз

Әлемдік рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет атанды

Әлемдік рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет атанды

09.06.2026
Лионель Мессидің білегіндегі 2 миллион долларлық сағат әлемдік медиада қызу талқылануда

Лионель Мессидің білегіндегі 2 миллион долларлық сағат әлемдік медиада қызу талқылануда

02.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.