AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанның өсімдік майы экспорты рекордтық деңгейге жетті

25.07.2026
Санаты: Экономика
Қазақстанның өсімдік майы экспорты рекордтық деңгейге жетті

ADYM.KZ / Қазақстанның май-тоңмай саласы қарқынды дамып, Орталық Азиядағы жетекші позициясын нығайтып келеді. Бұл туралы Ақтау қаласында өткен Қазақстан–Өзбекстан Өңіраралық ынтымақтастық форумының аясындағы панельдік сессияда айтылды.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы қатысып, сауда және экспорттық кооперацияны дамыту мәселелері талқыланды.

Сессия барысында Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы «Қазақстанның май-тоңмай саласы: жоспарлар мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасады. Онда соңғы бес маусымда Қазақстаннан Өзбекстанға өсімдік майы өнімдерін жеткізу көлемі тұрақты өсіп келе жатқаны атап өтілді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы майлы дақылдарды өңдеу қуаты жылына 5,2 млн тоннадан асады. Оның ішінде күнбағыс тұқымын өңдеу қуаты 4,4 млн тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш Өзбекстандағы жалпы өңдеу қуатынан шамамен 700 мың тоннаға жоғары. Ал 2028 жылға қарай жаңа өндіріс орындарын іске қосу арқылы өңдеу қуатын жылына 8 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

2025/2026 маркетингтік жылдың алғашқы тоғыз айында өсімдік майы мен күнжара экспортының валюталық түсімі 944 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ға көп. Маусым қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштің 1,15 млрд АҚШ долларынан асуы күтіледі.

Қазақстан екінші жыл қатарынан Өзбекстанға өсімдік майын жеткізу бойынша көш бастап келеді. 2025 жылы қазақстандық өнімнің бұл нарықтағы үлесі 90%-дан асқан. Ал 2025/2026 маркетингтік жылдың алғашқы тоғыз айында Өзбекстанға май және күнжара экспорты 31%-ға өсіп, 553 мың тоннаға жетті.

Бүгінде Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі бойынша әлемде 6-орында тұр. Ел алдағы уақытта әлемдегі жетекші үш экспорттаушының қатарына қосылып, саланың экспорттық түсімін 2 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Қазақстандық май-тоңмай өнімдері қазір әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады.

Форум аясында Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасында B2B форматындағы кездесулер өтіп, бірқатар коммерциялық келісімдер жасалды. Соның ішінде Qazaq-Astyq Group май өңдеу зауыты мен Өзбекстанның Fayz Oil Imports компаниясы арасында 71,5 млн АҚШ долларына өсімдік майын жеткізу туралы келісімге қол қойылды.

Жалпы, форум барысында жасалған коммерциялық келісімдердің құны 174,8 млн АҚШ долларын құрады.

Ілмек: Орталық Азия нарығыӨсімдік майыЭкономикаЭкспорттық кооперация
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Қазақстанда цифрлық майнерлерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды

Қазақстанда цифрлық майнерлерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды

Ұсынамыз

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс: Туризм және спорт, Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды

Үкіметтегі кадрлық өзгеріс: Туризм және спорт, Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды

03.09.2026
Баку Орталық Азия мен Таяу Шығысқа арналған AI орталығына айналмақ

Баку Орталық Азия мен Таяу Шығысқа арналған AI орталығына айналмақ

19.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.