AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда цифрлық майнерлерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды

25.07.2026
Санаты: Технология
Қазақстанда цифрлық майнерлерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды

ADYM.KZ / Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнингті дамытуға бағытталған жаңа тетік енгізілді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Ведомство әзірлеген стратегиялық цифрлық майнингті жүзеге асыру қағидалары Үкімет қаулысымен бекітілді. Жаңа механизм цифрлық майнинг саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға жағдай жасап, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және елдегі цифрлық активтер индустриясын дамытуға бағытталған.

Бағдарламаға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады. Стратегиялық цифрлық майнер мәртебесін белгіленген талаптарға сәйкес келетін және тиісті өтінім берген компаниялар ғана ала алады.

Өтінімдер ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жанындағы арнайы комиссияда қаралады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Мәртебеге ие болған компаниялар электр энергиясын өндіруші ұйымдармен 10 жылға дейінгі мерзімге тікелей келісімшарт жасасуға мүмкіндік алады. Бұл ретте электр энергиясының бағасы заңнамада белгіленген шекті тарифтен аспауы тиіс.

Сонымен қатар стратегиялық цифрлық майнерлер Ұлттық стратегиялық крипторезервке өндірілген цифрлық активтердің 10 пайызын аударады. Бұл үлес электр энергиясын сатып алу және жеткізу шығындары есепке алынғаннан кейін қалған цифрлық активтер көлемінен есептеледі.

Министрлік мәліметінше, Ұлттық стратегиялық крипторезерв бюджет қаражатын пайдаланбай қалыптастырылады. Резерв тек бағдарламаға ерікті түрде қатысатын стратегиялық цифрлық майнерлердің үлесі есебінен толықтырылады.

«Қазақстанда цифрлық активтерді дамыту үшін бәсекеге қабілетті әрі инвестициялық тартымды юрисдикцияны кезең-кезеңімен қалыптастырып келеміз. Стратегиялық цифрлық майнинг институтын енгізу — осы бағыттағы маңызды қадам», — деп атап өтті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан пайдаланылмай жатқан газ ресурстарын цифрлық майнинг саласында қолдану мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған болатын.

Ілмек: ЖИ жасанды интеллектИнновацияСтратегияЦифрлық майнинг
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады

Ұсынамыз

Қазақстанда инфляция баяулағанымен, тәуекелдер әлі де жоғары

Қазақстанда инфляция баяулағанымен, тәуекелдер әлі де жоғары

27.05.2026

Google DeepMind Launches Gemini Pro With Visual AI Boost

18.04.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.