AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Женевадағы БҰҰ форумында Қазақстан ЖИ саласындағы жетістіктерін таныстырды

07.07.2026
Санаты: Технология
Женевадағы БҰҰ форумында Қазақстан ЖИ саласындағы жетістіктерін таныстырды

ADYM.KZ / Қазақстан БҰҰ ұйымдастырған жасанды интеллектті (ЖИ) басқару мәселелері жөніндегі алғашқы жаһандық диалогқа қатысып жатыр. Женевада өтіп жатқан халықаралық жиында еліміздің атынан Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйледі.

Форумның ашылуында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамып жатқанын айтып, оны «адамзаттың нақты жоспары жоқ ауқымды тәжірибесі» деп сипаттады. Оның айтуынша, бүгінде басты міндет – ЖИ-ды қауіпсіз әрі жауапты пайдалануға арналған ортақ халықаралық қағидаларды қалыптастыру.

Жаслан Мәдиев өз баяндамасында Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы негізгі жетістіктерін таныстырды. Оның айтуынша, елімізде Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» және «Киберқауіпсіздік туралы» заңдар қабылданған. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы онлайн форматта қолжетімді.

Жаһандық диалог аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан делегациясымен жеке кездесу өткізіп, цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Қазақстан БҰҰ үшін цифрлық экожүйені дамытуға арналған өңірлік хабқа айналып келеді. Оның пікірінше, форумға қатысу елімізге өзге мемлекеттермен бірлесіп жасанды интеллект саласындағы жаһандық саясатты қалыптастыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ ұстанымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министр елімізде суперкомпьютерлік кластерлерді дамыту, Деректер орталықтары алқабын құру және Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу бағытындағы жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық интернет-трафик транзитіндегі әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан делегациясы Женевадағы Digital Week бағдарламасы аясындағы іс-шараларға қатысуын жалғастырады. Алдағы күндері ел өкілдері AI for Good жаһандық форумында және Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік жоғары деңгейдегі кездесуде Қазақстанның цифрлық даму саласындағы ұстанымы мен тәжірибесін таныстырады.

Ілмек: AI for GoodБҰҰЖИҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Қазақстан 2027 жылы бірден алты әлем чемпионатын ұйымдастырады

Қазақстан 2027 жылы бірден алты әлем чемпионатын ұйымдастырады

Ұсынамыз

Жасанды интеллект энергетикалық инфрақұрылымды бақылаудың жаңа кезеңін бастады

Жасанды интеллект энергетикалық инфрақұрылымды бақылаудың жаңа кезеңін бастады

23.07.2026

Apple Brings Enhanced On-Device AI Features to iPhone

10.04.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.