AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда автобөлшек өндірісін дамытуға арналған жоспар бір айда дайындалады

21.07.2026
Санаты: Экономика
Қазақстанда автобөлшек өндірісін дамытуға арналған жоспар бір айда дайындалады

ADYM.KZ /   Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп министрлігіне бір ай ішінде Қазақстанда автобөлшектер өндірісін дамытуға арналған нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Премьердің айтуынша, машина жасау саласы экономиканы әртараптандыруға және оның тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы отандық автомобиль өнеркәсібін жоғары технологиялық салаға айналдыру міндетін қойған.

Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде халықаралық талаптарға сай автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою маңызды. Бұл үшін қосалқы бөлшектер өндірісінде қолданылатын отандық материалдардың түрін көбейту қажет.

Премьер мысал ретінде Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясын атап өтті. Қазіргі таңда кәсіпорын автобустар мен жүк көліктеріне арналған арнайы болат маркаларын шығарып жатыр. Келесі кезеңде жеңіл автомобильдерге арналған болат өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар ол мыс, алюминий, хромды терең өңдеу, резеңке, пластик, кабель және өзге де өндіріс бағыттарын дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.

Осыған байланысты Премьер-министр Өнеркәсіп министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде автобөлшектер өндірісін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда 190 мың автокөлік шығару жоспарланған. Қазіргі уақытта елдегі 19 жоғары оқу орнында автоөнеркәсіпке қажетті мамандар даярланып жатыр.

Ілмек: Жүк көліктерҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіПремьер-министр Олжас БектеновЭкономика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Енді қазақстандықтар ресми қоңырауды бірден ажырата алады

Енді қазақстандықтар ресми қоңырауды бірден ажырата алады

Ұсынамыз

Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды

Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды

30.09.2026
Банкроттыққа өтініш беру мен бақылау онлайн форматқа көшті

Банкроттыққа өтініш беру мен бақылау онлайн форматқа көшті

11.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.