AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Енді қазақстандықтар ресми қоңырауды бірден ажырата алады

21.07.2026
Санаты: Технология
Енді қазақстандықтар ресми қоңырауды бірден ажырата алады

ADYM.KZ /   Қазақстанда абоненттер енді банк, мемлекеттік орган және қызмет көрсетуші компаниялардан түсетін ресми қоңырауларды оңай ажырата алады. Жаңа тетікке сәйкес, ұялы телефон экранында қоңырау шалушы ұйымның атауы арнайы белгімен көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жаңашылдық телекоммуникация саласына енгізілген заңнамалық өзгерістер аясында жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат – байланыс желілерінің қауіпсіздігін күшейтіп, телефон алаяқтығымен күрес тиімділігін арттыру.

«Абоненттің ресми және алаяқтық қоңырауды ажырата алуы үшін ұялы байланыс желілерінде қоңырауларды таңбалау тетігі енгізілді. Соның нәтижесінде банк, қызмет көрсетуші компаниялар және басқа да ұйымдардан түсетін ресми қоңыраулар телефон экранында ұйымның атауымен көрсетіледі. Мысалы, «Банк» немесе «Toyota Center» деген белгі шығады», – деді Досжан Мұсалиев.

Вице-министрдің сөзінше, бұл жүйе азаматтарға қоңыраудың қай ұйымнан түскенін бірден анықтауға мүмкіндік береді және алаяқтардың жалған қоңырау шалу қаупін азайтады.

Сонымен қатар заңнамалық өзгерістер аясында интернетке қол жеткізу, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтері лицензияланатын болады. Бұдан бөлек, абоненттер байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламаларынан, автоматты қоңырауларынан бас тарта алады. Сондай-ақ ақылы байланыс қызметтерін қосу тәртібі де жаңартылды.

Телекоммуникация саласына қатысты заң 2026 жылдың тамыз айының соңында күшіне енеді.

Ілмек: Қоғамдық қауіпсіздікҚұқық және ЗаңТелекоммуникация
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект және цифрлық экономика саласында бірлескен жобаларды арттырмақ

Автор: adym
02.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінде технологиялық ынтымақтастықтың маңызы арта түсуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің цифрлық экономика, жасанды интеллект, зияткерлік өндіріс...

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда авторлар мен құқық иеленушілерге өз туындыларының пайдаланылуын және тиесілі сыйақы көлемін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Билл Гейтс Си Цзиньпинмен ЖИ қауіптерін талқылауды жоспарлап отыр

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, жасанды интеллект саласындағы ықтимал қауіптерді азайту жөніндегі халықаралық шараларды...

Келесі
Астанада ағза трансплантациясы туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Астанада ағза трансплантациясы туралы «4739» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Ұсынамыз

Әскери прокуратура Шымкентте 87 гектар жерді мемлекет меншігіне өткізді

Әскери прокуратура Шымкентте 87 гектар жерді мемлекет меншігіне өткізді

18.06.2026
Astana Data Exchange алаңында деректер экономикасын дамыту жолдары қарастырылды

Astana Data Exchange алаңында деректер экономикасын дамыту жолдары қарастырылды

24.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.