AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда балаларға арналған кітап қоры 42 мың жаңа басылыммен толықтырылады

10.07.2026
Санаты: Мәдениет
Қазақстанда балаларға арналған кітап қоры 42 мың жаңа басылыммен толықтырылады

ADYM.KZ / Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханалар қоры 7 миллионнан асты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – еліміздің мәдени, білім беру және ақпараттық саясатындағы басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта кітапханаларды жаңғырту, кітап қорын толықтыру, баспа ісін дамыту және кітап оқу мәдениетін насихаттау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 7 миллионнан астам кітап сақталған. Ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады.

Министрлік мәліметінше, кітапханалардағы сұраныс балалар әдебиетіне деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Жас оқырмандар арасында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» және Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармалары ерекше сұранысқа ие.

2026 жылы кітапхана қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың жаңа кітаппен толықтыру жоспарланып отыр. Бұл жас оқырмандардың заманауи және классикалық әдебиетке қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар балалар әдебиетіне қызығушылық кітапханалармен ғана шектелмейді. Жыл басынан бері еліміздегі кітап дүкендерінде балаларға арналған 200 мыңнан астам кітап сатылған.

Министрліктің атап өтуінше, кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытады, таным көкжиегін байытады және ұлттық әрі әлем әдебиетіне қызығушылығын арттырады. Сондықтан кітапсүйер ұрпақ тәрбиелеу елдің зияткерлік және рухани әлеуетін нығайтудың маңызды бағыттарының бірі саналады.

 

Ілмек: 7 миллион кітап қорыЖас оқырмандар
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Енді тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға болмайды. Жаңа талаптармен,қандай өзгерістер бар

Енді тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға болмайды. Жаңа талаптармен,қандай өзгерістер бар

Ұсынамыз

По поручению Президента в Шымкенте расширяют социальную инфраструктуру

По поручению Президента в Шымкенте расширяют социальную инфраструктуру

29.09.2026
Air Astana Астана – Шымкент бағытына жаңа рейстер ашады

Air Astana Астана – Шымкент бағытына жаңа рейстер ашады

28.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.