AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Fitch Ratings Отбасы банкінің «BBB» рейтингін растады

20.07.2026
Санаты: Экономика
Fitch Ratings Отбасы банкінің «BBB» рейтингін растады

ADYM.KZ /  Халықаралық Fitch Ratings рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банкінің ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып қалды.

Агенттік шешімі банктің қаржылық тұрақтылығын, активтер сапасының жоғары деңгейін, тұрақты қорландыру базасын және Қазақстандағы тұрғын үй қаржыландыру жүйесіндегі маңызды рөлін айқындайды.

Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бүгінде банкте 4 миллионнан астам депозит ашылған. Оның сөзінше, халықаралық рейтингтің расталуы қаржы институтының тұрақты жұмысын, тиімді бизнес-моделін және салымшылар сенімін көрсетеді.

– Біз үшін Fitch рейтингі – банктің қаржылық тұрақтылығының, бизнес-моделіміздің тиімділігінің және салымшылар тарапынан көрсетілген жоғары сенімнің тәуелсіз халықаралық растауы. Ұлттық даму институты ретінде тұрғын үйді ашық әрі әділ бөлуді қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік міндетті орындауды жалғастырып келеміз. Процестерді цифрландыру нәтижесінде соңғы бір жылда тұрғын үйді бөлу көлемі үш есеге артты. Осы уақыт ішінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған 21 906 азамат баспаналы болды, – деді Ләззат Ибрагимова.

2026 жылдың алғашқы алты айында Отбасы банкінде 485 252 жаңа депозит ашылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9 пайызға көп. Банк мұны тұрғын үй жинақтарының тиімді шарттарымен және жылдық 3,5 пайыздан басталатын (ЖТСМ – 3,6–4,4%) қолжетімді ипотекалық заемдармен байланыстырады.

Қазіргі уақытта банктің халықтың ұзақ мерзімді депозиттері нарығындағы үлесі 39 пайызды құрайды. Клиенттердің жинақ шоттарында 3,3 трлн теңге сақтаулы.

Отбасы банкінің мәліметінше, қаржы институтының көмегімен күн сайын шамамен 320 қазақстандық тұрғын үй заемын рәсімдейді. Елдегі ипотекалық портфельдің 55 пайызы осы банкке тиесілі. Жыл басынан бері 43 687 қолжетімді тұрғын үй заемы берілген.

Сонымен қатар банк кредиттік портфель сапасы бойынша да жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі (NPL 90+) небәрі 0,14 пайызды құрайды. Бұл банк секторындағы орташа көрсеткіштен (4,19%) едәуір төмен.

Қазіргі таңда Отбасы банк актив көлемі бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында төртінші, ал меншікті капитал көлемі бойынша алтыншы орында тұр.

Бүгінде Отбасы банкінің және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қолдауымен 679 644 қазақстандық отбасы баспаналы болған.

Ілмек: ДепозитОтбасы банкТұрғын үйЭкономика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның әлем чемпиондығын жоғары бағалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның әлем чемпиондығын жоғары бағалады

Ұсынамыз

ІІМ: Қаңтар оқиғасында жоғалған 120 қару табылып, айналымнан алынды

ІІМ: Қаңтар оқиғасында жоғалған 120 қару табылып, айналымнан алынды

11.06.2026
Шымкенттің Жапон бағында «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Шымкенттің Жапон бағында «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

26.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.