AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

09.07.2026
Санаты: Экономика
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

Screenshot

ADYM.KZ / Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ауғанстандағы Ghazanfar Bank директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Исмаил Газанфармен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы қаржылық-банктік ынтымақтастықты дамыту және трансшекаралық есеп айырысу жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Серік Жұманғарин Қазақстанның Ауғанстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, өзара сауданың тұрақты дамуы үшін кәсіпкерлер арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін сенімді әрі ашық банк инфрақұрылымын қалыптастыру маңызды.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстандағы 23 екінші деңгейлі банктің екеуі ауған банктерімен корреспонденттік қатынастар орнатқан. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы трансшекаралық төлемдер мен ақша аударымдарының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 26%-ға өсіп, 140 млрд теңгеге жеткен. Ал тауарлар мен қызметтер үшін жүргізілген төлемдер көлемі бес есеге артқан.

Кездесу барысында тараптар банктер арасындағы корреспонденттік қатынастарды кеңейту, тікелей банк арналарын ашу, трансшекаралық төлемдер тетіктерін жетілдіру және сыртқы сауда операцияларын қаржылық сүйемелдеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар тағы бір қазақстандық банктің Ghazanfar Bank-пен корреспонденттік шот ашу рәсімінен өтіп жатқаны айтылды.

Екі ел арасындағы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетіп отыр. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 342,4 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. Оның ішінде экспорт көлемі 338,5 млн долларды құрап, сондай-ақ 2,3 есеге ұлғайған.

Экспорттың негізгі бөлігін бидай, бидай-қара бидай ұны, күнбағыс майы және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері құрады.

Айта кеткен жөн,Ghazanfar Bank – Ауғанстандағы ең көне коммерциялық банктердің бірі. Қаржы ұйымы корпоративтік және жеке клиенттерге дәстүрлі әрі исламдық банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Соңғы төрт жылда банк Ауғанстанның қаржы реттеушісі тарапынан қаржылық тұрақтылық, басқару сапасы, өтімділік және сенімділік деңгейін бағалайтын CAMEL жүйесі бойынша 2-рейтингке ие болған. Қазақстанда Ghazanfar Bank Zaman Bank-пен серіктестік орнатқан.

 

Ілмек: 26%Қазақстан мен АуғанстанСерік ЖұманғаринҰлттық экономика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Джакартадағы Азия чемпионатындағы төрт қазақстандық боксшы қыз жүлдеге бір қадам қалды

Джакартадағы Азия чемпионатындағы төрт қазақстандық боксшы қыз жүлдеге бір қадам қалды

Ұсынамыз

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

09.07.2026
«Музей түні-2026»: Қазақстан музейлеріне келушілер саны артып келеді

«Музей түні-2026»: Қазақстан музейлеріне келушілер саны артып келеді

27.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.