ADYM.KZ / Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. U23 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектердің нәтижесінде Қазақстан құрамасының төрт боксшы қызы жартылай финалға жолдама алды.
8 шілдеде өткен кездесулерде 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева, 51 келіге дейінгі салмақта Анита Адишева, 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек және 60 келіге дейінгі салмақта Аяжан Ермек қарсыластарын жеңіп, үздік төрттікке енді.
Ал 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сымбат Әлиасқар мен 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аружан Жаңабаева ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.
U23 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 12 шілдеде өтеді. Қазақстандық боксшылар финалға жолдама алу үшін шаршы алаңға шығады.








