AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

02.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

Шымкент қаласында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Шымкент қалалық Жастар ресрустық орталығы Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен іс-шара Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттеріне арналды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың денсаулығына қауіп төндіретін зиянды әдеттердің салдары туралы түсінігін кеңейту, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жолдарын түсіндіру және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар қатысушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын жеткізу көзделді.

Іс-шараға Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің маманы Аяжан Джарасбай, ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының психологы Нұрлан Арыстанбайұлы Сергазиев, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Аман Мұқтархан қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары нашақорлықтың адам ағзасына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсері туралы баяндады. Есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа зияны, тәуелділіктің алдын алу және қиын жағдайларда мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сондай-ақ АИТВ инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары және инфекцияға қатысты кең таралған қате түсініктер жөнінде ақпарат берілді. Мамандар АИТВ-ның алдын алу үшін медициналық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау және қажетті жағдайда медициналық тексеруден өту маңызды екенін атап өтті.

Психолог жастардың эмоционалдық саулығы, күйзеліске қарсы тұру және қоршаған ортаның теріс ықпалына берілмеу мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларға зиянды әдеттерден аулақ болып, бос уақытын тиімді ұйымдастырудың, спортпен шұғылданудың және пайдалы орта қалыптастырудың маңызы айтылды.

Мұндай кездесулер жастардың денсаулығын сақтауға қатысты білімін арттырып, олардың саналы таңдау жасауына ықпал етеді. Жастар ресурстық орталығының бұл бағыттағы жұмыстары өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Ілмек: ЖастарНашақорлықШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

Шымкентте жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламалары түсіндірілді

Ұсынамыз

Ұлттық банк: Несие мен депозит мөлшерлемелері біртіндеп төмендейді

Ұлттық банк: Несие мен депозит мөлшерлемелері біртіндеп төмендейді

06.06.2026
Шымкентте NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде

Шымкентте NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілуде

03.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.