AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Өзбекстанның Әндіжан қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды

25.06.2026
Санаты: Мәдениет
Өзбекстанның Әндіжан қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды

ADYM.KZ / Өзбекстанның Наманган қаласында Мақом өнерінің III халықаралық форумы аясында «Шығыс мақомының жаңа бағыттары: дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Форумның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысып, мәдени мұраны сақтау мен дамыту мәселелеріне тоқталды.

Қазақстан атынан конференцияға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысты. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдениет саласын дамытуға, тарихи мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Вице-министр мақом өнерінің қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетімен тығыз үндесетінін айтып, күй, жыр, терме, айтыс және дәстүрлі ән өнерінің ұлттың рухани мұрасын сақтаудағы маңызын атап өтті.

Конференция барысында дәстүрлі өнерді цифрлық дәуірде сақтау, мәдени мұраны цифрландыру және жастардың классикалық музыкаға қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Жиында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастыққа да назар аударылды. Атап айтқанда, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Хиуа қаласында өткен III халықаралық «Лазги» би фестивалінде «Ең үздік сахналанған би» аталымын жеңіп алғаны айтылды. Сондай-ақ өзбекстандық өнерпаздардың Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокал байқауына қатысып, Мухаддас Алиеваның арнайы жүлдеге ие болғаны атап өтілді.

Форумның маңызды оқиғаларының бірі – Әндіжан қаласына Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілуі болды. Еске салсақ, бұл мәртебе 2024 жылы Ақтау қаласына берілген еді.

Халықаралық форумға ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ТҮРКСОЙ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараға әлемнің 80-нен астам елінен 250-ге жуық мәдениет және өнер қайраткері жиналса, ғылыми конференцияға 60-қа жуық елден келген 100-ден астам ғалым мен сарапшы қатысты.

Ілмек: ӘндіжанӨзбекстанТүркі әлемінің мәдени астанасы
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

Қазақстандық баяншылар «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауында топ жарды

Автор: adym
28.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы мәресіне жетті. Әлемнің 16 елінен келген 153 өнерпаз бақ сынаған байқауда қазақстандық музыканттар жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше...

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Қытайдағы ірі кітап көрмесінде таныстырылды

Автор: adym
27.08.2026
0

ADYM.KZ / Қытайдың Гуанчжоу қаласында 30-шы рет ұйымдастырылып отырған Оңтүстік Қытай кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Қытайдағы кітап және баспа ісі саласындағы ірі мәдени алаңдардың бірі саналатын халықаралық...

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

АҚШ Конгресінің делегациясы Қазақстанның креативті индустриясымен танысты

Автор: adym
26.08.2026
0

АҚШ Конгресінің делегациясы Астана қаласындағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барып, Қазақстанда осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің...

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Ханчжоуда Қазақстанның көшпелілер мәдениетіне арналған көрме ашылды

Автор: adym
25.07.2026
0

ADYM.KZ / Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Чжэцзян провинциялық музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» атты халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат...

Келесі
Сенат: Экологияны жетілдіруге бағытталған заң жобасы қайта қаралады

Сенат: Экологияны жетілдіруге бағытталған заң жобасы қайта қаралады

Ұсынамыз

Киберспорттан Әлем кубогы тұңғыш рет Парижде өтеді

Киберспорттан Әлем кубогы тұңғыш рет Парижде өтеді

24.05.2026
Алматыда сәбиін арқалап курьер болған ана Шымкентке қоныс аударды

Алматыда сәбиін арқалап курьер болған ана Шымкентке қоныс аударды

26.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • 2026–2027 оқу жылында оқушылар қандай жаңа курстарды оқиды?

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 бөлісу
    Бөлісу 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.