AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

31.08.2026
Санаты: Аймақ, Мәдениет
Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырды.

29-30 тамыз күндері Qazaq Creative Hub алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 5 200-ге жуық адам келді. Нәтижесінде түркістандық креаторлар жалпы құны 21 млн теңгені құрайтын өнімдерін сатты.

Келушілерге өңір шеберлері әзірлеген сан алуан өнім ұсынылды. Олардың қатарында ұлттық және заманауи бағыттағы кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, ұлттық кілемдер, дизайнерлік киімдер, ат әбзелдері, домбыралар, сондай-ақ киіз, ағаш және қыштан жасалған бұйымдар бар.

Сонымен қатар жәрмеңкеде сәндік паннолар, жібек орамалдар, тақиялар, көрпешелер мен түрлі дизайндағы сөмкелер қойылып, келушілер назарына ұсынылды. Бұл өнімдер Түркістан өңірінің дәстүрлі қолөнері мен заманауи шығармашылық бағыттарының сабақтастығын көрсетті.

Жәрмеңке аясында тек сауда-саттықпен шектелмей, мазмұнды іскерлік және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар мен келушілер үшін шеберлік сабақтары өткізіліп, креативті индустриядағы жаңа үрдістер таныстырылды.

Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға негізделген инновациялық жобалар мен стартаптар таныстырылды. Бұдан бөлек, сән көрсетілімі мен концерттік бағдарлама өтіп, шараның мәдени мазмұнын толықтырды.

Creative Aimaq жобасының басты ерекшелігі – өңірлердегі шығармашылық кәсіпкерлерге өз өнімдерін кең аудиторияға таныстырып, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, Түркістан облысының креаторлары үшін елордадағы жәрмеңке өз брендтерін насихаттап қана қоймай, әлеуетті серіктестермен байланыс орнатуға және жаңа іскерлік мүмкіндіктерге жол ашты.

Креативті индустрия өкілдерінің елордадағы жәрмеңкеге қатысуы өңірлік шығармашылық бизнестің әлеуетін көрсетуге де мүмкіндік берді. Ұлттық мәдени мұраға негізделген өнімдермен қатар, заманауи дизайн мен цифрлық технологияларды ұштастырған жаңа жобалар көпшілік назарына ұсынылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердің шығармашылық әлеуетін ел көлемінде таныту мақсатында жалғасын табады. Келесі кезекте Жамбыл облысының креаторлары Астанада өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырады.

Ілмек: Креативті индустрияТүркістан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Ұсынамыз

ДДСҰ дабыл қақты: Орталық Африкадағы Эбола індеті тарихтағы ең ірі эпидемияға айналуы мүмкін

ДДСҰ дабыл қақты: Орталық Африкадағы Эбола індеті тарихтағы ең ірі эпидемияға айналуы мүмкін

08.06.2026
Салауатты өмір салты: Медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті

Салауатты өмір салты: Медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті

09.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.