AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ұлттық банк төрағасы мөлшерлемені төмендету жоспары туралы айтты

18.06.2026
Санаты: Экономика
Ұлттық банк төрағасы мөлшерлемені төмендету жоспары туралы айтты

ADYM.KZ / Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты базалық мөлшерлемені одан әрі қысқарту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген ол соңғы жылдары инфляциямен күрес бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Бір кезеңде инфляция шамамен 30 пайызға дейін жеткен болса, қазір ол 10 пайызға жуықтады. Дегенмен, бұл мәселе бойынша босаңсуға болмайды. Инфляцияны толық жеңдік деп айтуға әлі ерте», – деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ақша-несие саясатын біртіндеп жұмсартуға мүмкіндік беретін алғышарттар қалыптасып келеді. Соның нәтижесінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған.

Тимур Сүлейменов мөлшерлеменің бірден 1 пайыздық тармаққа қысқаруын елеулі қадам ретінде бағалады.

«Егер қолайлы экономикалық жағдай сақталса, ақша-несие саясатын жұмсарту бағытын жалғастыруымыз мүмкін. Алайда әлемдік және ішкі нарықтардағы белгісіздіктерді ескере отырып, сақтық таныту қажет», – деді ол.

Еске салайық, 5 маусымда Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені пайыздық дәлізі ±1 пайыздық тармақпен жылдық 17 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Ілмек: Базалық мөлшерлемеҰлттық банк
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот басшыларын қабылдады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот басшыларын қабылдады

Ұсынамыз

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

20.07.2026
Шымкент жастары: Жақсылық жасаудан басталатын үлкен іс

Шымкент жастары: Жақсылық жасаудан басталатын үлкен іс

11.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.