AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Мемлекет басшысы Алатау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруды тапсырды

17.06.2026
Санаты: Экономика
Мемлекет басшысы Алатау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады. Кездесу барысында Президентке Қытай Халық Республикасында өткен Alatau City Roadshow халықаралық таныстырылымының қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, роуд-шоу аясында 20-дан астам іс-шара мен бірқатар кездесу ұйымдастырылған. Нәтижесінде жалпы құны 6,4 миллиард долларды құрайтын 30 келісім мен меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен, Гонконг арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен және жетекші халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесулер барысында Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті таныстырылған.

Вице-премьер Мемлекет басшысының Алматы облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары негізінде әзірленген іс-қимыл жоспары туралы да ақпарат берді. Бұдан бөлек, су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, гидротехникалық нысандарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу жұмыстары жөнінде есеп таныстырылды.

Кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы да қаралды. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы салаға бағытталған ең ірі қаржыландыру көлемі.

Жоба отандық және халықаралық қаржы институттарының қолдауымен жүзеге асырылады. Нәтижесінде алдағы үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.

Кездесу қорытындысында Президент энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тартудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі вегетациялық кезеңнің өтуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытудың орнықты моделін қалыптастыру, халықаралық капитал мен инновацияларды тартуға қолайлы жағдай жасау қажеттігіне тоқталып, Үкіметке қаланың инфрақұрылымын дамытуға қажетті қаржыны бөлуді тапсырды.

Ілмек: Alatau City RoadshowИнфрақұрылымҚасым-Жомарт Тоқаев
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Мәдениет министрлігі кинопрокатқа қатысты жаңа қағидаларды жариялады

Мәдениет министрлігі кинопрокатқа қатысты жаңа қағидаларды жариялады

Ұсынамыз

Қазақстандық зілтемірші Нұржан Жұмабай әлем чемпионатында рекорд орнатты

Қазақстандық зілтемірші Нұржан Жұмабай әлем чемпионатында рекорд орнатты

11.07.2026

Amazon Introduces Olympus AI for Enterprise Applications

12.04.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.