AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

18-35 жас аралығындағы жазушыларға жаңа мүмкіндік ұсынылды

16.06.2026
Санаты: Мәдениет
18-35 жас аралығындағы жазушыларға жаңа мүмкіндік ұсынылды

ADYM.KZ / Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірлескен «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды.

2024 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба биыл да жас қаламгерлерді қолдауды жалғастырады. Бастамаға еліміздің барлық өңірінде тұратын 18-35 жас аралығындағы шығармашылық жастар қатыса алады. Үміткерлердің Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті емес.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жобаның негізгі мақсаты – жас авторларға қолдау көрсету, өңірлердің тарихы мен мәдени мұрасын қазіргі заманмен сабақтастыра отырып, Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасын қалыптастыру.

Іріктеуден өткен қатысушылар арнайы комиссияның шешімімен еліміздің әртүрлі өңірлеріне шығармашылық іссапарларға жіберіледі. Сапар барысында қаламгерлер жергілікті тарихпен, мәдениетпен және өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, болашақ шығармаларына қажетті материал жинайды.

Жоба аясында қатысушылардың жол шығындары мен қаламақысы төленеді. Сонымен қатар, сапар нәтижесінде жазылған шығармалар жинақталып, кітап болып басылып шығады.

Қатысушыларды іріктеу кезінде Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылған комиссия талапкерлердің шығармашылық өмірбаянын, жарық көрген кітаптарын, марапаттары мен өзге де жетістіктерін ескереді.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
– өтінім;
– шығармашылық өмірбаян;
– белгілі қаламгердің немесе Қазақстан Жазушылар одағының өңірлік өкілінің ұсыным хаты.

Құжаттар 1 шілдеге дейін Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй, 26-кабинет мекенжайында немесе jazushylar_odagy@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Ілмек: Әдеби байқауҚазақстан Жазушылар одағыМәдениет және ақпарат министрлігіӨтінім
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Еурокубоктар: Қазақстан клубтарының алғашқы қарсыластары анықталады

Еурокубоктар: Қазақстан клубтарының алғашқы қарсыластары анықталады

Ұсынамыз

Шымкентте алғаш рет ұйқыбезі қатерлі ісігіне күрделі лапароскопиялық ота жасалды

Шымкентте алғаш рет ұйқыбезі қатерлі ісігіне күрделі лапароскопиялық ота жасалды

12.06.2026
Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: бидайдың 78 пайызы – үшінші сыныпты

Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: бидайдың 78 пайызы – үшінші сыныпты

29.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.