AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте алғаш рет ұйқыбезі қатерлі ісігіне күрделі лапароскопиялық ота жасалды

12.06.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте алғаш рет ұйқыбезі қатерлі ісігіне күрделі лапароскопиялық ота жасалды

ADYM.KZ / Шымкент қалалық көпбейінді онкологиялық орталығында алғаш рет ұйқыбезінің қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттерге лапароскопиялық панкреатодуоденалды операция сәтті жасалды. Бұл онкохирургия саласындағы ең күрделі әрі жоғары технологиялық хирургиялық араласулардың бірі саналады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өңірде заманауи әдісті енгізу мақсатында Астанадағы Ұлттық ғылыми медицина орталығының тәжірибелі онкохирургтері Шымкентке келіп, жергілікті дәрігерлерге арналған арнайы мастер-класс өткізген.

Лапароскопиялық панкреатодуоденалды операцияның басты ерекшелігі – үлкен тілік жасалмайтынында. Хирургиялық араласу арнайы лапароскопиялық құралдардың көмегімен бірнеше шағын тесу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс ісікті дәл әрі қауіпсіз алып тастауға, операциядан кейінгі ауырсынуды азайтуға және науқастың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Мастер-класс аясында ұйқыбезі мен оған жақын орналасқан ағзалардың қатерлі ісігі анықталған үш пациентке осындай операция жасалды.

Мамандардың айтуынша, тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, болашақта Шымкентте жоғары технологиялық күрделі операцияларды тұрақты түрде жүргізуге жол ашады.

Нәтижесінде қала тұрғындары күрделі медициналық көмек алу үшін басқа өңірлерге бармай-ақ, өз өңірінде жоғары деңгейдегі мамандандырылған емге қол жеткізе алады. Бұл онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттырып, пациенттердің уақытылы әрі сапалы ем алуына мүмкіндік береді.

Ілмек: ОтаҰйқыбезіШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Тоқаев жаңа туған Ақалтеке құлындарына Ақниет пен Бөрте деп ат қойды

Тоқаев жаңа туған Ақалтеке құлындарына Ақниет пен Бөрте деп ат қойды

Ұсынамыз

ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді

ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді

16.07.2026
В Шымкенте прихожане мечети приняли участие в экологической акции

В Шымкенте прихожане мечети приняли участие в экологической акции

18.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.