AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: бидайдың 78 пайызы – үшінші сыныпты

29.08.2026
Санаты: Басты, Экономика
Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: бидайдың 78 пайызы – үшінші сыныпты

Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде 5,5 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егіс алқабының 35,5%-ын құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Үкіметке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құраған. Нәтижесінде шаруалар қазірдің өзінде 7,7 млн тонна астық жинады. Былтыр осы кезеңде 3,9 млн тонна астық жиналған болатын.

Жаңа өнімнің сапасы да жоғары деңгейде. Бүгінде лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 1 млн тоннадан астам, нақтырақ айтқанда 1 025,2 мың тонна астық қабылданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен жеті есе көп. 2025 жылы осы уақытта сақтауға 145,5 мың тонна астық қабылданған еді.

Қабылданған жұмсақ бидайдың басым бөлігі жоғары сапалы болып отыр. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бидайдың 78%-ы үшінші сыныпқа, 14%-ы төртінші сыныпқа жатқызылды. Ал бесінші сыныпты және сыныпқа жатпайтын бидайдың үлесі 7%-ды құрады.

Жаңа өнімдегі глютен мөлшері де жоғары. Жиналған жұмсақ бидайдың 56%-ында глютен мөлшері 28%-дан асады. Тағы 19%-ында бұл көрсеткіш 25-27%, ал қалған 25%-ында 23-24% деңгейінде.

Министрлік астық қабылдау кәсіпорындарына түсіп жатқан өнімнің сапасына, сыныптылығына және негізгі физика-химиялық көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

Сонымен қатар майлы және көкөніс-бақша дақылдарын жинау жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі уақытта 244 мың тонна май тұқымы, 1,9 млн тоннадан астам көкөніс, 1,7 млн тонна бақша дақылдары және 795 мың тонна картоп жиналды.

Егіннің жай-күйін бақылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, өңірлерде көшпелі тексерулер жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, дәнді және майлы дақылдардың 98%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Егін жинау науқанын уақытылы жүргізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның 161,3 мың тоннасына шарт жасалып, төлем жүргізілген. Бұл бөлінген көлемнің 40%-ына тең. Қазіргі таңда 143 мың тонна дизель отыны, яғни жоспарланған көлемнің 36%-ы жөнелтілді.

Шаруаларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде. 2026 жылға жоспарланған 2,3 млн тонна тыңайтқыштың 2 млн тоннасы бойынша келісімшарт жасалып, өнім жөнелтілді. Бұл жылдық жоспардың 85%-ын құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқаны штаттық режимде жүріп жатыр. Егін жинау қарқыны, алқаптардың жай-күйі, шаруаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ астықтың көлемі мен сапасы тұрақты бақылауда.

Ілмек: Астық жинауКөрсеткішҚазақстан
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерді жою үшін батыл қадамдар қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерді жою үшін батыл қадамдар қажет

Ұсынамыз

Қазақ сахна өнерінде жаңа қойылымдарға сұраныс артты

Қазақ сахна өнерінде жаңа қойылымдарға сұраныс артты

27.05.2026
Қазақ тілі ЖИ жүйелерінде кеңінен қолданылуы үшін 30-дан астам цифрлық ресурс әзірленді

Қазақ тілі ЖИ жүйелерінде кеңінен қолданылуы үшін 30-дан астам цифрлық ресурс әзірленді

04.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.