AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Еуропадағы ең қымбат жеке өнер коллекциясы сатылымға қойылды

16.06.2026
Санаты: Мәдениет
Еуропадағы ең қымбат жеке өнер коллекциясы сатылымға қойылды

Two employees of Sotheby's auction house pose by a portrait of Gertrud Loew (Gertha Felsovanyi) by Austrian artist Gustav Klimt painted in 1902 with an estimate of £12-18 million GBP (19-28 million USD) during a press preview in London on June 19, 2015 ahead of the June 24 auction. AFP PHOTO / JUSTIN TALLIS RESTRICTED TO EDITORIAL USE, MANDATORY MENTION OF THE ARTIST UPON PUBLICATION, TO ILLUSTRATE THE EVENT AS SPECIFIED IN THE CAPTION (Photo credit should read JUSTIN TALLIS/AFP/Getty Images)

ADYM.KZ / Лондонда Еуропадағы ең құнды жеке өнер топтамаларының бірінің көрмесі ашылды. Sotheby’s аукцион үйі британдық миллиардер әрі «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубының бұрынғы иесі Джо Льюистің отбасылық коллекциясындағы өнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Жинақтың жалпы құны 270 миллион доллардан асады.

Көрмеге ХХ ғасырдың көрнекті суретшілері мен мүсіншілерінің 48 туындысы қойылған. Олардың қатарында Амедео Модильяни, Густав Климт, Пабло Пикассо, Эдгар Дега және Люсьен Фрейдтің еңбектері бар.

Sotheby’s мәліметінше, бұл – Еуропада бір адамның иелігіндегі аукционға шығарылған ең қымбат өнер коллекциясы.

Аукционның басты лоты ретінде Амедео Модильянидің 1917 жылы салған «Nu assis au collier» картинасы ұсынылды. Сарапшылар туындының құны 61 миллион доллардан асуы мүмкін екенін айтады. Картина соңғы рет 1995 жылы саудаға шығарылған.

Өнертанушылардың пікірінше, бұл жұмысқа деген қызығушылық оның ерекше тарихымен байланысты. Аталған картина Модильянидің Париждегі көзі тірісінде өткен жалғыз жеке көрмесінде қойылған. Сол кездегі көрме қоғамда үлкен резонанс туғызып, көп ұзамай полицияның шешімімен жабылған болатын.

Сондай-ақ аукционға Густав Климттің «Portrait of Gertrud Loew» портреті, Эдгар Деганың «Petite danseuse de quatorze ans» қола мүсіні және Пабло Пикассоның музасы Дора Маарға арналған «Buste de femme» картинасы қойылды.

Мамандар Люсьен Фрейдтің «Sleeping by the Lion Carpet» туындысына да ерекше қызығушылық танытып отыр. Sotheby’s Еуропалық бөлімінің төрағасы Оливер Баркер бұл жұмысты соңғы жылдары нарыққа шыққан ең үздік картиналардың бірі деп бағалады.

89 жастағы Джо Льюистің байлығы шамамен 7,8 миллиард долларға бағаланады. Ол ұзақ жылдар бойы «Тоттенхэм Хотспур» клубының иесі болып, әлемдегі ең ірі жеке өнер коллекцияларының бірін қалыптастырған.

Көрме Лондондағы Sotheby’s кеңсесінде 23 маусымға дейін жалғасады. Келушілер экспозицияны тегін тамашалай алады.

Айта кетейік, бұған дейін футбол аңызы Пеленің 1958 жылғы әлем чемпионатының финалында киген жейдесі 6 миллион долларға бағаланып, аукционға шығарылғаны хабарланған еді.

Ілмек: Sotheby’s аукцион үйіАмедео МодильяниГустав КлимтЛондонПабло Пикассо
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды

Ұсынамыз

Шалғай ауылдарға барған дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді

Шалғай ауылдарға барған дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді

18.06.2026
Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогында топ жарды

Қымбат Ахмет қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогында топ жарды

29.08.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.