AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

21.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

ADYM.KZ / 25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту.

Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы Самал Бахтыяр, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілінің маманы Мырзабай Нұрлан Альжанұлы және Жастар ресурстық орталығының инспекторы Әбдразақ Әсел Наралықызы қатысты. Мамандар жастарға заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алудағы азаматтық жауапкершілік және заң талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңызы сөз болды. Қатысушылар адалдық, ашықтық пен әділдік қағидаттарын күнделікті өмірде ұстану әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Сонымен қатар жастарға өз құқықтарын білу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу және құқықтары бұзылған жағдайда тиісті органдарға жүгіну жолдары түсіндірілді. Құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызына тоқталған мамандар жастарды кез келген жағдайда заң аясында әрекет етуге, өз ұстанымдарын құқықтық тұрғыдан сауатты қорғауға шақырды.

Ашық форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Пікір алмасу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және жастардың өзара ынтымақтастығы маңызды екені айтылды.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың заңға құрметін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайтып, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын орнықтыруға бағытталған.

Ілмек: ЖастарСыбайлас жемқорлықШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстанның болашағы мен реформалар: Шымкентте жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Қазақстанның болашағы мен реформалар: Шымкентте жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шарада елдегі...

Шымкентте жергілікті өнімдердің көрмесі ашылды

Шымкентте жергілікті өнімдердің көрмесі ашылды

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында дәстүрлі «Шымкент өнімдері – 2026» қалалық көрмесі өз жұмысын бастады. Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, машина жасау, жиһаз, химия...

Сделано в мегаполисе: В Шымкенте открылась масштабная выставка местной продукции

Сделано в мегаполисе: В Шымкенте открылась масштабная выставка местной продукции

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / В Выставочном центре «Көрме» стартовала традиционная городская выставка «Шымкент өнімдері – 2026». Мероприятие, организованное акиматом Шымкент, объединило свыше 70 отечественных предприятий легкой, фармацевтической, машиностроительной, мебельной, химической...

Республика күніне орай мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда

Республика күніне орай мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. 2026 жылғы 17 қазанда басталған науқандар 27 қазанға дейін жалғасады. Акциялар аясында...

Ұсынамыз

Шымкентте жастарға мамандық таңдаудың маңызы түсіндірілді

Шымкентте жастарға мамандық таңдаудың маңызы түсіндірілді

06.10.2026
Футбол болжамы: Қай команда УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады?

Футбол болжамы: Қай команда УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады?

30.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.