AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды

16.06.2026
Санаты: Қоғам
Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды

ADYM.KZ / Қазақстанда жүргізілген «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау, заңсыз көші-қонның алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Рейд барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтары тұратын мекенжайларды, құрылыс нысандарын, базарларды, түрлі ұйымдарды және шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді. Сондай-ақ тұрғындарға шетел азаматтарын тіркеу тәртібі мен заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 13 035 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 9 359 шетел азаматы Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 3 828 адам еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар 882 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал 2 794 жеке және заңды тұлға өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полицияға уақытылы хабарламағаны үшін жазаланды.

Сот шешімімен көші-қон талаптарын бұзған 1 559 шетел азаматы елден шығарылды. Бұдан бөлек, 1 836 адамның Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Оның ішінде 122 азамат мәжбүрлі түрде елден шығарылып, оларға бес жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

ІІМ дерегіне сәйкес, елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталған. Қазіргі уақытта бұл фактілер бойынша Шекара қызметімен бірлескен тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген және өз елдерінің құқық қорғау органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, анықталған заң бұзушылықтардың бір бөлігіне Қазақстан азаматтарының өздері де ықпал еткен. Кейбір азаматтар пайда табу мақсатында шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне немесе жұмысқа орналасуына көмектескен.

Мәселен, Атырау облысында шетел азаматтарын Қазақстан арқылы көрші мемлекетке заңсыз өткізуді ұйымдастырды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Осындай фактілер Жамбыл және Павлодар облыстарында да тіркелген.

Ал Ақтөбе облысындағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз еңбек еткен 60-қа жуық шетел азаматы анықталды. Астанада жұмыс берушінің Африка елдерінен келген алты азаматты заңсыз жұмысқа тартқаны белгілі болды.

Бұдан басқа Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілері тіркелген.

ІІМ мәліметінше, барлық құқық бұзушылар мен олардың жұмыс берушілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын екі және одан да көп рет бұзған бес жұмыс берушіге қатысты қылмыстық тергеу басталды. Мұндай жағдайлар Жамбыл, Қарағанды және Атырау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында анықталған.

Министрлік көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау және заңсыз көші-қонның алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Ілмек: Заңсыз келушіКөші-қонҚазақстанПолиция
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Қазақстанда роботакси қызметі пилоттық режимде іске қосылады

Қазақстанда роботакси қызметі пилоттық режимде іске қосылады

Ұсынамыз

Әлемдік нарықта алтын бағасы тарихи рекорд орнатты.

Әлемдік нарықта алтын бағасы тарихи рекорд орнатты.

03.07.2026
Қазақстандағы AI-фестивальге 50 елдің авторлары қатысуға ниет білдірді

Қазақстандағы AI-фестивальге 50 елдің авторлары қатысуға ниет білдірді

12.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.