AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсіріліп жатыр

15.06.2026
Санаты: Аймақ, Мәдениет
Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсіріліп жатыр

ADYM.KZ / Маңғыстау облысында әлемге танымал актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық фильмінің түсірілімі басталды. Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта түсірілім тобы өңірдің бірегей табиғи ландшафттарында жұмыс жүргізіп жатыр. Фильмнің негізгі локацияларының бірі ретінде әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында бұл аумақта 35 адамнан тұратын түсірілім тобы бірнеше көріністі таспаға түсірді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай киножоба өкілдерімен кездесіп, халықаралық деңгейдегі түсірілім жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында өңірде креативті индустрияны дамыту, кино және телевизиялық жобаларды өндіру, жастарға арналған сапалы медиаконтент қалыптастыру, сондай-ақ Маңғыстаудың туристік және мәдени әлеуетін әлемдік деңгейде таныту мәселелері талқыланды.

«Маңғыстау киноиндустрия саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы өңір. Біз креативті экономиканы дамытуға, мәдени мұраны насихаттауға және туристік тартымдылықты арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз. Мұндай жобалар өңірдің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.

Әкімдік мәліметінше, халықаралық киножоба отандық киноиндустрия мен туризм саласы үшін маңызды оқиға болмақ. Маңғыстаудың табиғи және тарихи нысандарының фильмде көрсетілуі өңірдің туристік әлеуетін кеңінен танытып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Түсірілім жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Ал фильмді әлемдік прокатқа шығару 2027 жылдың ақпан айына белгіленген.

Ілмек: Джеки ЧанДоспехи Бога 4: УльтиматумМаңғыстау облысыФильм
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Президент тапсырмасы орындалды: Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды

Автор: adym
06.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жаңа әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заманауи оңалту...

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

В Шымкенте прошел гастрономический фестиваль «street food fest»

Автор: adym
03.10.2026
0

В Шымкенте состоялся масштабный гастрономический фестиваль, подаривший жителям и гостям города прекрасное настроение. Организованное туристическим информационным центром «Visit Shymkent» мероприятие «Street Food Fest» прошло на территории комплекса «Этно-аул»...

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Автор: adym
03.10.2026
0

Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам...

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Қаржылық сауаттылық – жастардың жауапкершілігін арттырудың маңызды бағыты

Автор: adym
03.10.2026
0

ADYM.KZ / Қаржылық сауаттылық – адамның өз қаражатын тиімді басқаруымен қатар, қаржылық шешімдердің құқықтық салдарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды дағды. Қаржы мәселесінде құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз...

Келесі
Астана: Орталық саябақта үш айлық тегін йога жобасы басталды

Астана: Орталық саябақта үш айлық тегін йога жобасы басталды

Ұсынамыз

Қазақстан құрамасы Тайбэйдегі дзюдодан Азия кубогын үздік үштікте аяқтады

Қазақстан құрамасы Тайбэйдегі дзюдодан Азия кубогын үздік үштікте аяқтады

12.07.2026
«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

16.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.