AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Астанада самокат мінушілерге жаппай рейд: 1200-ден астам заңбұзушылық тіркелді

12.06.2026
Санаты: Қоғам
Астанада самокат мінушілерге жаппай рейд: 1200-ден астам заңбұзушылық тіркелді

ADYM.KZ / Жаз мезгілінің басталуымен елорда көшелерінде электросамокат пайдаланушылар саны күрт артты. Осыған байланысты Астана қаласының полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық шараларды күшейтті.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері электросамокат жүргізушілері тарапынан жасалған 1200-ден астам құқықбұзушылық тіркелген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, азаматтардың бір бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, өздерінің де, өзгенің де қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Соңғы рейдтердің бірінде көлік қозғалысы қарқынды жолда бір электросамокатпен жүрген екі жасөспірім анықталған. Ережені бірнеше мәрте бұзған 16 жастағы жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оның заңды өкілдері де жауапкершілікке тартылған.

Полиция электросамокатпен жүру кезінде бір көлікке екі адамның мінуіне, қозғалыс барысында телефон немесе құлаққап қолдануға, жылдамдықты асыруға және қауіпті маневр жасауға тыйым салынатынын еске салды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінен өтерде жүргізуші самокаттан түсіп, оны жаяу алып жүруге міндетті.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, электросамокаттармен веложолақтарда немесе велосипед жолақтарында жүруге рұқсат етіледі. Ал мұндай инфрақұрылым болмаған жағдайда қозғалыс жолдың оң жақ шетімен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте жүргізушінің жасы 18-ден асқан болуы, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы, қорғаныш шлемін киюі және қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануы қажет.

Сонымен қатар жалға берілетін самокаттарды рұқсат етілмеген орындарға қалдыру деректері де жиілеген. Тротуарларда, аялдамаларда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде тасталған самокаттар азаматтардың қозғалысына кедергі келтіретіндіктен, олар арнайы эвакуация қызметтері арқылы коммуналдық айып тұрағына жеткізіледі.

Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушының жауапкершілігіне байланысты екенін ескертті.

Ілмек: АстанаЗаңбұзушылықРейдЭлектросамокат
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Қоғамдық ұйымның атауы емес, атқаратын нақты ісі маңызды

Автор: adym
24.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекеттік тапсырыс, азаматтық қоғам және қоғамдық бақылау мәселелеріне салғырт қарамау керектігін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының негізгі отырысында айрықша атап өтті. Мәселенің мәнісін тарқатып...

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Қазақстанда сұранысқа ие 174 мамандық анықталады

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына байланысты еңбек нарығындағы бірқатар мамандықтың жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек...

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі...

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр? Телемедицина мүмкіндігі кеңейді

Автор: adym
03.09.2026
0

ADYM.KZ / 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 2,1 млн-нан астам адамға қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі...

Келесі
Қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстандықтар үшін Еуропаға виза алу жеңілдеуі мүмкін

Ұсынамыз

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте

Масштабная экологическая акция собрала тысячи школьников, студентов и волонтеров в Шымкенте

19.09.2026
Жастар арасында лудоманияның алдын алу мәселесі талқыланды

Жастар арасында лудоманияның алдын алу мәселесі талқыланды

24.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.