ADYM.KZ / Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 479-орында тұрған Жібек Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Отандасымыз жарыстың екінші айналымында әлемнің 821-ракеткасы, ресейлік Валерия Артемьевамен кездесті. Бұл екі теннисшінің корттағы алғашқы ресми кездесуі болды.
Матч барысында Жібек Құламбаева айқын басымдық танытып, қарсыласын екі сетте қатарынан 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Бір сағат 24 минутқа созылған ойында қазақстандық спортшы жеті брейк жасап, сенімді ойын өрнегін көрсетті.
Осылайша, Құламбаева турнирдің ширек финалына шығып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Келесі кезеңде ол франциялық Селена Яничиевич пен болгариялық Денислава Глушкова арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Жібек Құламбаева Хасководағы турнирдің алғашқы айналымында камбэк жасап, келесі кезеңге өткен болатын.








