AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

05.09.2026
Санаты: Аймақ, Қоғам
Ұлытауда геологиялық кластер толық циклді зерттеу жүйесін қалыптастырады

ADYM.KZ / Ұлытау облысында 36 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асуда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірге жұмыс сапары барысында геологиялық барлау жұмыстарының барысымен танысты.

Биыл Қазақстанның 11 өңіріндегі 20 учаскеде 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім басталды. Зерттеу жұмыстарының жалпы аумағы 100 мың шаршы шақырымнан асады. Оның ішінде Ұлытау облысында жеті учаске қамтылған.

Зерттеу барысында заманауи аэрогеофизикалық және геохимиялық әдістер қолданылып жатыр. Мамандар Жерді қашықтан зондтау деректерін талдап, ұшқышсыз аэрогеофизикалық кешендер мен жоғары дәлдіктегі Ionic Leach әдісін пайдалануда.

«Жер қойнауын кең ауқымда геологиялық зерттеу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың министрлік пен жалпы сала алдына қойған негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі. Біздің басты міндетіміз – сапалы геологиялық ақпарат алу. Бұл геологиялық барлау ісіне инвестиция тартуға және өнеркәсіп салаларын дамытуға тікелей байланысты», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Ұлытау облысында «Kazakhmys Barlau» компаниясы аэромагниттік түсірілім, аэрогамма-спектрометрия және аэрогравиметрия жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл технологиялар үлкен аумақтарды қысқа мерзімде зерттеп, олардың геологиялық әлеуетін жедел бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ұлытау және Абай облыстарында 300-ге жуық ұңғыма бұрғыланған.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасы аясында жер қойнауының бірыңғай цифрлық кадастры қалыптастырылып жатыр. Жүйеде перспективалы учаскелердің электрондық паспорттары жасалады.

Бұл геологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, деректерді өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Алғашқы перспективалы учаскелерді инвесторларға 2027 жылдан бастап аукцион арқылы ұсыну жоспарланып отыр.

Министр сондай-ақ Ұлытаудағы Геологиялық кластердің жұмысымен танысты. Мұнда керндерді қабылдау және сақтау, зертханалық талдау, геофизикалық зерттеулер мен басқа да жұмыстарды бір жүйеге біріктіру көзделген.

Геологиялық кластер Орталық Азиядағы ірі ғылыми-өндірістік және білім беру кешендерінің біріне айналмақ.

Іссапар қорытындысы бойынша Ерсайын Нағаспаев геологиялық зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу, белгіленген көлемдер мен мерзімдерді сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Ілмек: Геологиялық зерттеуҰлытау
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Шымкентте жастармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / 25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты –...

Қазақстанның болашағы мен реформалар: Шымкентте жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Қазақстанның болашағы мен реформалар: Шымкентте жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шарада елдегі...

Шымкентте жергілікті өнімдердің көрмесі ашылды

Шымкентте жергілікті өнімдердің көрмесі ашылды

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында дәстүрлі «Шымкент өнімдері – 2026» қалалық көрмесі өз жұмысын бастады. Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, машина жасау, жиһаз, химия...

Сделано в мегаполисе: В Шымкенте открылась масштабная выставка местной продукции

Сделано в мегаполисе: В Шымкенте открылась масштабная выставка местной продукции

Автор: adym
21.10.2026
0

ADYM.KZ / В Выставочном центре «Көрме» стартовала традиционная городская выставка «Шымкент өнімдері – 2026». Мероприятие, организованное акиматом Шымкент, объединило свыше 70 отечественных предприятий легкой, фармацевтической, машиностроительной, мебельной, химической...

Келесі
Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Ұсынамыз

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездеседі

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездеседі

15.06.2026
Еуропадағы ең қымбат жеке өнер коллекциясы сатылымға қойылды

Еуропадағы ең қымбат жеке өнер коллекциясы сатылымға қойылды

16.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.