AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Astana Mining & Metallurgy форумында Қазақстан экономикасының жаңа көрсеткіші жарияланды

11.06.2026
Санаты: Экономика
Astana Mining & Metallurgy форумында Қазақстан экономикасының жаңа көрсеткіші жарияланды

ADYM.KZ / Премьер-Министр Олжас Бектенов 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресінің пленарлық отырысына қатысып, Қазақстан экономикасының даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,5 пайыздық тұрақты өсім көрсеткен. Нәтижесінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі алғаш рет 300 млрд долларлық межеден асты.

Премьер-Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған технологиялық жаңғыруға, инвестиция тартуға, өнеркәсіп пен адами капиталды дамытуға бағытталған экономикалық саясаттың нәтижесі.

Ол өз сөзінде жаңа Конституция меншік құқығын қорғау кепілдіктерін күшейтіп, заң үстемдігін нығайту арқылы елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуына берік негіз қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл әсіресе тау-кен металлургия кешенін дамыту үшін маңызды, өйткені саладағы ірі жобалар қомақты инвестициялар мен ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарына сүйене отырып, жаңа буын өндірістерін құру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытын жалғастыратынын жеткізді.

Айта кетейік, Astana Mining & Metallurgy конгресі жыл сайын тау-кен металлургия саласының өзекті мәселелерін талқылайтын халықаралық алаң саналады. Биылғы форумға әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат қатысты. Бұл Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніне халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Ілмек: Astana Mining & MetallurgyҚазақстанЭкономика
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде панда-облигация шығарды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Қаржы министрлігі Қытайдың капитал нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. Облигациялар үш және бес жылдық екі траншпен шығарылды....

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр стансасы салынады

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Үкімет Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жобаның құны – 881 млрд теңге. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банк инфляция бойынша жаңа болжамын жариялады

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгіленді. Бұл...

Келесі
Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Ұсынамыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

22.09.2026
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2,3 есеге артты

09.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.