AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

11.06.2026
Санаты: Мәдениет
Қайрат Қабышев үзіліссіз 102 ән орындап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

ADYM.KZ / Абай облысында өткен мәдени іс-шара барысында Shakarim University-дің «Өнер» кафедрасының оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі әрі университеттің Құрметті профессоры Қайрат Қабышев халықаралық рекорд иегері атанды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, өнерпаз этномәдениет бағыты бойынша Азия мен Африканың дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізілді. Рекордтың ресми тіркелуіне байланысты оған арнайы сертификат пен күміс медаль табысталды.

Қайрат Қабышев рекорд орнату барысында қазақтың 102 дәстүрлі әнін 5 сағат 29 минут бойы үздіксіз орындады. Ерекшелігі сол, барлық шығармалар нотасыз, мәтінсіз және фонограммасыз шырқалып, орындаушы әндерді өзі аспаппен сүйемелдеді.

Рекорд талаптарына сәйкес әр 25 әннен кейін 15 минуттық үзіліс жасауға мүмкіндік берілгенімен, өнер иесі бұл құқықты пайдаланбаған.

Іс-шараға халықаралық Global Best of Records (GBR) ұйымының Азия және Африка дивизионы бойынша рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицері Қуандық Құдайберген қатысып, көрсетілген нәтиженің бірегей екенін атап өтті. Оның айтуынша, сарапшылар шешімімен рекорд ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік рекордтар кітабының 2026 жылғы басылымына енгізіледі.

Жобаға сарапшылық баға берген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Еркін Шүкіман бұл жетістік қазақтың дәстүрлі ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға үлкен үлес қосатынын айтты.

Өз кезегінде Қайрат Қабышев рекорд ұлттық әншілік мектептің дәстүрі мен ұстаздар тәлімінің жемісі екенін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай бастамалар жастардың ұлттық өнерге қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны дәріптеуге ықпал етеді.

Мамандардың айтуынша, бұл жетістік қазақтың дәстүрлі ән өнерінің халықаралық деңгейде танылып, ұлттық мәдениеттің жаһандық кеңістіктегі беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

Ілмек: Shakarim UniversityДәстүрлі әнҚайрат ҚабышевРекорд
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

Автор: adym
08.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz ресурсын іске қосты. Жаңа платформада кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік әрі...

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының портреті 5 мың шегемен жасалды

Автор: adym
05.09.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 154 жылдығына орай №48 мектеп-лицейінің жас педагогтері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды. Ұстаздар ұлт ұстазының портретін String art технологиясымен жасап шықты. Көлемі 3×2...

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Президент Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Автор: adym
04.09.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомство жұмысының негізгі басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Түркістан облысының креаторлары Астанада 21 млн теңгенің өнімін сатты

Автор: adym
31.08.2026
0

ADYM.KZ / Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шара барысында өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық...

Келесі
ІІМ: Қаңтар оқиғасында жоғалған 120 қару табылып, айналымнан алынды

ІІМ: Қаңтар оқиғасында жоғалған 120 қару табылып, айналымнан алынды

Ұсынамыз

Дастан Сәтпаевтың джерсиі Будапешт төрінде УЕФА көрмесіне қойылды

Дастан Сәтпаевтың джерсиі Будапешт төрінде УЕФА көрмесіне қойылды

29.05.2026
Ұялы байланыс операторы Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін сотта дәлелдей алмады

Ұялы байланыс операторы Қазақстандағы ең үздік интернет таратушы екенін сотта дәлелдей алмады

02.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.