AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Футбол болжамы: Қай команда УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады?

30.05.2026
Санаты: Басты, Жаңалықтар, Сараптама, Спорт
Футбол болжамы: Қай команда УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанады?
Бүгін кәрі құрлықтың ең беделді клубтық турнирі УЕФА Чемпиондар лигасының мәресіне жететін күн. Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы зәулім «Пушкаш Арена» стадионында франциялық ПСЖ мен ағылшындық Арсенал бас жүлдені сарапқа салады. Қос ұжым да өз елдерінің ішкі біріншілігінде чемпион атанып, жеңісті жолды қайталауға бекініп отыр. Дегенмен, бас кубок біреу ғана. 
Adym.kz тілшісі осы тарихи финал алдындағы басты көрсеткіштер мен клубтардың ішкі жағдайын саралап көрді.
Төрешілер бригадасы: Алаңдағы темірдей тәртіп
УЕФА Төрешілер комитеті Будапештегі финалды басқаруды тәжірибелі мамандарға сеніп тапсырды: Бас төреші: Даниэль Зиберт (Германия) биылғы маусымда Чемпиондар лигасының 9 матчына төрелік еткен ең белсенді рефери. Ол бұған дейін «Арсеналдың» осы маусымдағы екі ойынында («Спортинг» және «Атлетикоға» қарсы) қазылық етіп, екеуінде де лондондықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Зиберт алаңда қатаң тәртіпті ұстанады (орташа есеппен әр ойында 4.4 сары қағаз көрсетеді).
Тарихи контекст және статистика
Луис Энрике жаттықтыратын ПСЖ  турнирдің 2024/25 жылғы маусымның чемпионы. Өткен маусымда олар финалда «Интерді» жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет осы белесті бағындырған болатын. Биыл олар Чемпиондар лигасы дәуірінде өз титулын қорғап қалған санаулы клубтардың қатарына қосылуды көздейді. 
Микель Артетаның «Арсеналы» болса, соңғы 22 жылда алғаш рет Премьер-лига алтынын алып, психологиялық қысымнан босады. Олар Чемпиондар лигасының финалына өз тарихында екінші рет шығып отыр. Лондондықтар бұл кубокты әлі ешқашан ұтып көрмеген, сондықтан мотивация шегіне жеткен. 
Маусымдағы негізгі көрсеткіштер (ЧЛ 2025/26)
ПСЖ плей-офф кезеңінде нағыз голдар шоуын көрсетті. Олар «Монаконы», «Челсиді», «Ливерпульді» және жартылай финалда
«Баварияны» қапы қалдырды. Турнирде 207 соққы жасап, оның 114-ін қақпаға дәл бағыттаған.
Жаңа форматтағы Чемпиондар лигасының осы маусымында жеңілмей келе жатқан жалғыз команда. Олар жалпы турнирде өз қақпаларына тек 6 гол ғана жіберді. Өткен маусымның жартылай финалында ПСЖ екі ойынның қорытындысы бойынша «Арсеналды» жарыс жолынан шығарып жіберген еді.
Алаңға шығатын ықтимал құрамдар
Қос командада да қорғаныс шебінде айтарлықтай өзгерістер бар. «Арсеналдың» оң қанаттағы қорғаушысы Бен Уайт жарақатына байланысты финалдан тыс қалды. Артета бұл позицияға жас талант Крисшиан Москераны шығаруы әбден мүмкін. 
ПСЖ сапында Ашраф Хакими мен Оусман Дембеле кішігірім жарақаттарынан айығып, бүгін алаңға шығуға дайын. Ал қақпаны соңғы кездері тамаша ойын көрсетіп жүрген Матвей Сафонов қорғайды деп күтілуде.
ПСЖ ықтимал құрамы (4-3-3): Сафонов, Хакими, Маркиньос, Пачо, Нуну Мендеш / Заир-Эмери, Витинья, Жоау Невеш / Дуэ, Дембеле, Кварацхелия.
Арсеналдың ықтимал құрамы (4-3-3): Райя, Москера, Салиба, Габриэль, Калафьори /  Райс, Льюис-Скелли, Эдегор / Сака, Хаверц, Троссард.
Кімдер гол соғуы мүмкін?
Букмекерлер ПСЖ-ны кездесудің фавориті ретінде көрсетеді, алайда гол соғуға қауқарлы шеберлер екі жақта да жеткілікті. Мәселен, ПСЖ-ның грузиялық вингері Хвича Кварацхелия  биыл Чемпиондар лигасында 10 гол соғып, клубтың басты қаруына айналды. «Алтын доптың» иегері Оусман Дембеле маусым бойы тұрақтылығымен көрінді, оның есебінде 30-дан астам гол мен нәтижелі пас бар.
 Ал, Арсенал сапында франциялық клубтарға қарсы өткізген 6 ойында 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген Букайо Саканың  статистикасы да жанып тұр. Маусымның соңында керемет бабына енген белгиялық шабуылшы Леандро Троссард маңызды матчтарда шешім қабылдай алады.
УЕФА биылдан бастап жанкүйерлер мен отбасыларға ыңғайлы болу үшін финалдың уақытын ертерекке ауыстырды.
Финалдық ойынның басталуы 30 мамыр, Астана уақытымен сағат 21:00-де (Еуропа уақытымен 18:00).
Ойынды еліміздің бас спорттық арнасы Qazsport және Qazaqstan ұлттық телеарнасы сарапшылардың қатысуымен арнайы студиядан бастап тікелей көрсетеді.
Adym.kz болжамы: Негізгі уақыттағы тартысты тең ойын (1:1) немесе ПСЖ-ның тәжірибе есебінен минималды (2:1) жеңісі.

Ілмек: QazsportАрсеналПСЖПушкаш АренаУЕФА Чемпиондар лигасыФинал
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

Автор: adym
22.09.2026
0

ADYM.KZ / Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы ерекше. Бұл тек қоқыс жинап, аумақты...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Келесі
Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия жарияланбақ. Кімдерге жеңілдік беріледі?

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия жарияланбақ. Кімдерге жеңілдік беріледі?

Ұсынамыз

Жастарға жаңа мүмкіндіктер: «Көмеш Бұлақ» сауда орталығында мемлекеттік бағдарламалар насихатталды

Жастарға жаңа мүмкіндіктер: «Көмеш Бұлақ» сауда орталығында мемлекеттік бағдарламалар насихатталды

03.09.2026
Каспийдің тартылуы: Теңіз деңгейінің түсуі әскери-саяси дауға ұласуда

Каспийдің тартылуы: Теңіз деңгейінің түсуі әскери-саяси дауға ұласуда

25.05.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.