AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жастарға кәсіби бағдар беру мақсатында өндірістік экскурсия ұйымдастырылды

31.10.2026
Санаты: Аймақ
Жастарға кәсіби бағдар беру мақсатында өндірістік экскурсия ұйымдастырылды

ADYM.KZ / Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «ULTRA TECHNOLOGY» кәсіпорнында жастарға арналған өндірістік экскурсия өтті.

Танымдық шараның негізгі мақсаты – жастардың өндіріс саласы туралы түсінігін кеңейту, заманауи кәсіпорындардың жұмысымен таныстыру және болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беру.

Экскурсия барысында қатысушылар кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, негізгі қызмет бағыттарымен, жұмыс тәртібімен және өндірістік үдерістерді ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен жабдықтардың жұмыс істеу тәртібі көрсетілді.

Кәсіпорын мамандары өндіріс кезеңдері туралы ақпарат беріп, саладағы жұмыс ерекшеліктеріне тоқталды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндірістік қызметке қажетті кәсіби дағдылар мен мамандарға қойылатын талаптар жөнінде мәлімет алды. Бұл қатысушыларға өндіріс саласының қыр-сырын жақынырақ танып, теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде еңбек нарығында техникалық және өндірістік мамандықтарға сұраныс артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, жастарды нақты жұмыс орындарымен таныстыру, олардың кәсіби қызығушылығын ерте кезеңнен қалыптастыру маңызды. Өндірістік экскурсиялар жас буынға түрлі мамандықтардың ерекшелігін түсінуге және еңбек жолын саналы түрде жоспарлауға көмектеседі.

Сондай-ақ мұндай кездесулер жастар мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтып, жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы нақты түсінік қалыптастырады.

Айта кетейік, жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және еңбекке деген қызығушылығын арттыру – жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі. Осы бағыттағы танымдық кездесулер мен тәжірибелік шаралар жас буынның болашақ мамандығын дұрыс таңдауына, кәсіби әлеуетін дамытуына және еңбек нарығында өз орнын табуына ықпал етеді.

Ілмек: ЖастарӨндіріс орныШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Жаңа...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Бос уақытты тиімді өткізу – құқық бұзушылықтың алдын алудың бір жолы

Бос уақытты тиімді өткізу – құқық бұзушылықтың алдын алудың бір жолы

Ұсынамыз

Қазақстанның өсімдік майы экспорты рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанның өсімдік майы экспорты рекордтық деңгейге жетті

25.07.2026
Тоқаев Дохада Қатар Әміріне көңіл айтып, екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Тоқаев Дохада Қатар Әміріне көңіл айтып, екіжақты ынтымақтастықты талқылады

14.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
imunify-bot-check
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.