AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Тоқаев Дохада Қатар Әміріне көңіл айтып, екіжақты ынтымақтастықты талқылады

14.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Тоқаев Дохада Қатар Әміріне көңіл айтып, екіжақты ынтымақтастықты талқылады

ADYM.KZ /  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің Қатардың қуатты әрі өркендеген мемлекет ретінде қалыптасуына зор үлес қосқанын атап өтті.

– Ол көрнекті мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының жақын досы болды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шейх Хамад Қазақстан мен Қатар арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына және стратегиялық серіктестіктің қалыптасуына елеулі еңбек сіңірді. Ол Қазақстанға екі мәрте ресми сапармен келген. Президент 1999 жылғы алғашқы сапары кезінде сол кездегі Сыртқы істер министрі ретінде мәртебелі мейманды қарсы алғанын еске алды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ шейх Хамадтың қолдауымен Астанада алғашқы ірі әл-Фараби мешітінің салынғанын және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда бірқатар әлеуметтік әрі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асқанын ризашылықпен атап өтті.

– Осындай қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жанын жәннаттан етуін тілеп, дұға етеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Президентіне арнайы келіп көңіл айтқаны үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, бұл екі ел халықтары арасындағы бауырластық пен өзара құрметтің айқын көрінісі.

Қатар тарапының бастамасымен мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бұл шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Еске сала кетейік, Қатардың бұрынғы Әмірі, ресми түрде «Әмір-Әке» атағын иеленген шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни 74 жасында дүниеден өтті. Осыған байланысты Қатарда төрт күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Ілмек: ДохаҚасым-Жомарт ТоқаевҚатар ӘміріСыртқы саясат
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Президент Франция халқына Бастилияны алу күніне орай ізгі тілегін жолдады

Президент Франция халқына Бастилияны алу күніне орай ізгі тілегін жолдады

Ұсынамыз

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

Шымкентте «Street Food Fest» гастрономиялық фестивалі өтті

03.10.2026
Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады

Денсаулық сақтау министрлігі: Елімізде 600-ден астам дәрінің бағасы арзандады

10.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.