AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Жастардың тың жобаларына 1 миллион теңгеден грант берілді

02.11.2026
Санаты: Аймақ
Жастардың тың жобаларына 1 миллион теңгеден грант берілді

ADYM.KZ /Шымкент қаласында жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, тың идеялары мен жаңа бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға байқау комиссиясының мүшелері, арнайы шақырылған қонақтар және қала жастары қатысты. Іс-шара барысында байқау жеңімпаздары өздерінің авторлық жобаларын Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Анарбайұлына таныстырды. Жас авторлар бастамаларының негізгі мақсаты мен өзектілігін, қоғамға тигізер пайдасын, күтілетін нәтижелері мен жүзеге асыру жолдарын баяндады.

Ұсынылған жобалар жастардың ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетті. Әрбір бастама белгілі бір бағыттағы мәселені шешуге, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға және қала өміріне оң өзгеріс енгізуге негізделген.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыға алғыс хаттар табысталды. Ал үздік деп танылған жобалардың авторларына өз бастамаларын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңгелік сертификаттар берілді. Бұл қаржылай қолдау жастардың идеяларын нақты жобаға айналдырып, оларды іс жүзінде жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жас авторлардың кәсіби тәжірибе жинақтап, жаңа бағыттарда ізденуіне жол ашады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы жастардың өз қабілетін танытуына ғана емес, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға да бағытталған. Мұндай бастамалар жас буынның қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге атсалысуына, жаңа ұсыныстар әзірлеуіне және өз жобалары арқылы ел дамуына үлес қосуына ынталандырады.

Марапаттау рәсімі мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Кештің басты қонағы – әнші, мәдениет қайраткері Асқар Жүнісбеков болды. Өнер иесі көпшілікке танымал әндерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ концерттік бағдарлама аясында «Шалқыма» би ансамблі, «Меруерт» триосы, «Элегант» барабан-шоу тобы және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. Әсем ән мен әсерлі би үйлесім тапқан концерт салтанатты кештің мазмұнын толықтырып, қатысушыларға мерекелік әсер қалдырды.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы – жастардың тың идеяларын қолдауға, шығармашылық әлеуетін ашуға және қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осындай қолдау шаралары жас буынның бастамашылдығын арттырып, өз күшіне деген сенімін нығайтуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Ілмек: БайқауЖастарТәуелсіздік ұрпақтарыШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Жаңа...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Жастар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты

Жастар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты

Ұсынамыз

Кибералаяқтықтан қалай сақтануға болады? Шымкент жастарына маңызды кеңестер берілді

Кибералаяқтықтан қалай сақтануға болады? Шымкент жастарына маңызды кеңестер берілді

18.09.2026
Enbek.kz порталында жұмыс іздеуге көмектесетін жаңа цифрлық сервис іске қосылды

Enbek.kz порталында жұмыс іздеуге көмектесетін жаңа цифрлық сервис іске қосылды

14.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
imunify-bot-check
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.