AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

ШЫМКЕНТТЕ БІТІРУШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2026
Санаты: Аймақ
ШЫМКЕНТТЕ БІТІРУШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында мектеп бітіруші түлектерге арналған «БІЛІМ. БАҒДАР. БОЛАШАҚ» атты ақпараттық-мотивациялық кездесу өтті. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ұйымдастыруымен өткен шараға 2 150 оқушы қатысты. Оның 500-і – «Алтын белгі» иегері мен «Үздік» аттестатқа үміткер түлектер. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесудің негізгі мақсаты – жас түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру. Кездесу аясында университеттің түрлі білім беру бағдарламалары мен мамандықтары ұсынылған көрме ұйымдастырылып, оқушылар оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

Одан кейін кездесудің ресми бөліміне кезек берілді. Салтанатты жиынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, бітіруші сынып оқушыларына алдағы сынақтарда сәттілік тілеп, болашақтарына сенім білдірді.

– Мамандық таңдауда қателеспеу керек. Кез келген мамандықты таңдай салмай, адамның өз қызығушылығы мен қабілетіне қарай шешім қабылдағаны дұрыс. Өйткені ең бастысы – грантқа түсу емес, таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алып, ертең білікті маман ретінде елге қызмет ету, қоғамның дамуына өз үлесін қосу, – деді ол.

Кездесу барысында «Auezov Quiz» зияткерлік сайысының қорытындысы жарияланып, үздік командаларға ақшалай сертификаттар табысталды. Бірінші орынды иеленген Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының «Фараби» командасы 500 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Екінші орынға жайғасқан Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының «Сана» командасына 300 мың теңге, ал үшінші орын алған Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің «Алау» және А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының «Oxygen» командаларына 100 мың теңгеден сертификат берілді.

Жиында түлектерді толғандырған негізгі мәселелердің бірі – мемлекеттік білім гранттарын иелену және сұранысқа ие мамандықтарды дұрыс таңдау болды. Осы бағытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жоғары білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен Ұлттық бірыңғай тестілеудің алдағы өзгерістері туралы баяндады. Оның айтуынша, елімізде жыл сайын бакалавриат бағыты бойынша 70 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінеді. Оның 60 пайызынан астамы инженерлік-техникалық бағыттарға тиесілі. Былтыр педагогикалық мамандықтарға шамамен 15 мың, ал ақпараттық технологиялар саласына 11 мыңға жуық грант бөлінген.

Спикер талапкерлер арасында халықаралық қатынастар, құқық, медицина және педагогика бағыттарына сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар мамандықты тек грантқа түсу мүмкіндігіне қарап таңдаудың дұрыс еместігін жеткізді.

– Көп жағдайда оқушылар грантты ғана ойлайды. Бастысы – грантқа түссем дейді. Ал кейін сол мамандықты оқи ала ма, жоқ па деген мәселе екінші орынға қалып жатады. Сондықтан талапкерлер ең алдымен өз қызығушылығы мен қабілетіне сай мамандық таңдауы керек. Тағы бір айта кететін жаңалық 2027 жылы тестілеудің қазіргі форматы өзгеріссіз қалады. Ал жаңа формат 2027 жылы пилоттық жоба ретінде енгізіліп, жоспар бойынша 2029 жылы жалпыұлттық деңгейде қолданысқа енгізілуі мүмкін, –деді Р.Емелбаев.

Ал Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры Мұхтар Төлеген жиынның түлектер үшін маңыздылығына тоқталып, оқу орнының мүмкіндіктері мен жаңалықтарын таныстырды. Оның сөзінше, биыл Шымкент қаласында 17 645 оқушы мектеп бітіреді. Университет талапкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, білімді жастарды ынталандыруды көздейді.

– Біздің университетте білім беру бағыттары өте кең. Мұнда гуманитарлық ғылымдардан бастап, әдебиет пен мәдениет, химия, технология, құқық, инженерия және басқа да көптеген сала бойынша білім алуға мүмкіндік бар. Яғни, талапкерлер өз қызығушылығы мен таңдаған бағытына сәйкес мамандық таба алады. Сонымен қатар биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – университет тарапынан талапкерлерге арнап 300 білім грантын бөлу жоспарланып отыр. Бұл – жоғары білім алуға ұмтылған жастарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Біздің мақсатымыз – білімді, ізденімпаз жастарды қолдап, олардың сапалы білім алып, болашақта білікті маман болып қалыптасуына жағдай жасау, – деді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

Кездесу одан әрі университеттің шығармашылық ұжымдарының өнерімен жалғасты. «Қарагөз» би ансамблі әсем биімен көрермендерге ерекше әсер сыйласа, «Мадмуазел» жайдарман командасы әзілге толы қойылымымен көпшіліктің көңілін көтерді.

Ұлжан КӨГІЛ
«Шымкент келбеті»

Ілмек: Жас түлектерШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Автор: adym
19.11.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім...

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Арбатта ұлттық мәдениет пен бірлік мерекесі «ДОСТЫҚ» этнофестивалі өтеді

Автор: adym
19.11.2026
0

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында 2026 жылғы 28 қарашада сағат 12:00-де Арбат алаңында ұлттық мәдениет пен этносаралық достықты дәріптеуге арналған «ДОСТЫҚ» этнофестивалі...

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады

Автор: adym
18.11.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа жоғары оқу орнын ашу туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Университет...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Автор: adym
17.11.2026
0

Бүгін қаладағы Жастар Ресурстық орталығында Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан тағылымды жиынның басты мақсаты – білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген өрендердің...

Келесі
Прошла профориентационная встреча для выпускников школ

Прошла профориентационная встреча для выпускников школ

Ұсынамыз

Қазақстан мен ЕО «Орта дәлізді» кеңейтуді жеделдетті Жүк тасымалы екі есе артады

Қазақстан мен ЕО «Орта дәлізді» кеңейтуді жеделдетті Жүк тасымалы екі есе артады

25.05.2026
Fitch Ratings Отбасы банкінің «BBB» рейтингін растады

Fitch Ratings Отбасы банкінің «BBB» рейтингін растады

20.07.2026

Көп оқылған

  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    595 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.