AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
No Result
View All Result
SAVED POSTS
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
No Result
View All Result
AI News
No Result
View All Result

Путиннің Қазақстанға сапары: геосаяси тепе-теңдік пен экономикалық прагматизм

28.05.2026
in Сараптама
Путиннің Қазақстанға сапары: геосаяси тепе-теңдік пен экономикалық прагматизм

ADYM.KZ / Кеше, 27 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ақорданың мәліметінше, сапар 27-29 мамыр аралығын қамтиды және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылған. Келіссөздер барысында екіжақты стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық байланыс және Еуразиялық интеграция мәселелері талқыланбақ.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі халықаралық жағдайда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін айқындайтын маңызды саяси оқиға. Әсіресе Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдің Батыспен қарым-қатынасы күрделенген тұста Мәскеу үшін Орталық Азиядағы ықпалын сақтау стратегиялық маңызға ие болып отыр.

Еліміз үшін де Ресей  негізгі экономикалық және логистикалық серіктестердің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 27-28 миллиард доллар шамасында сақталып келеді. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің қатарында. Сонымен қатар Қазақстан экспортының едәуір бөлігі Ресей аумағы арқылы өтетін транзиттік бағыттарға тәуелді.

Сапар аясында энергетика, көлік-логистика, өнеркәсіп кооперациясы және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық мәселелері негізгі күн тәртібіне шығуы мүмкін. Әсіресе Каспий бағыты, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі және транзиттік маршруттарды әртараптандыру тақырыбы маңызды болмақ.

Бүгінде республикамыз өте күрделі геосаяси тепе-теңдікті сақтап отыр. Бір жағынан Ресеймен стратегиялық байланыс үзілген жоқ. Екінші жағынан Астана Батыс елдерімен, Қытаймен, Түркиямен және Еуроодақпен де қарым-қатынасты күшейтуге тырысуда. Сарапшылар мұны Қазақстанның “көпвекторлы саясат” моделінің жалғасы деп бағалайды.

Путиннің бұл сапары Мәскеудің Қазақстанмен саяси диалогты жоғары деңгейде ұстап тұруға мүдделі екенін көрсетеді. Соңғы жылдары Ресей үшін Орталық Азиядағы ықпал мәселесі өте өзекті бола түсті. Себебі аймақта Қытайдың экономикалық әсері күшейіп келеді, ал Түркия мен Батыс елдерінің де белсенділігі артып отыр.

Сапардың тағы бір маңызды қыры  Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық кеңес отырысының Астанада өтуі. Бұл Ресей үшін ЕАЭО жобасының өміршеңдігін көрсетуге мүмкіндік болса, Қазақстан үшін аймақтық экономикалық интеграциядағы рөлін күшейту алаңы саналады.

Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары дәл осы шынайы геосаяси жағдайдың көрінісі ретінде бағалануда. Алдағы келіссөздердің нәтижесі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың бағытын ғана емес, Орталық Азиядағы күштер тепе-теңдігіне де ықпал етуі мүмкін.

Tags: Владимир ПутинЕуразиялық экономикалық одақКөпвекторлы саясатҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевРесей
SummarizeShare234

Related Stories

Қазақстанның экологиялық дилеммасы: Ескі зауыттар мен жаңа талаптар

Қазақстанның экологиялық дилеммасы: Ескі зауыттар мен жаңа талаптар

by adym
05.06.2026
0

ADYM.KZ / 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні. Бұл күн тек мереке емес, еліміздің экологиялық бағытын, жетістіктері мен қордаланған күрделі мәселелерін безбенге салатын маңызды...

Несие құрығындағы қоғам: Қазақстандықтар неге жаппай банкроттыққа жүгінуде?

Несие құрығындағы қоғам: Қазақстандықтар неге жаппай банкроттыққа жүгінуде?

by adym
03.06.2026
0

Елімізде «Азаматтардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заң күшіне енгелі бері соттан тыс банкроттық рәсіміне 416 мыңнан астам өтініш түскен. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазірдің өзінде 66...

«Темірлан» фильмі Орталық Азия киносын әлемдік деңгейге шығара алды ма?

«Темірлан» фильмі Орталық Азия киносын әлемдік деңгейге шығара алды ма?

by adym
02.06.2026
0

Орталық Азия кинематографиясы жаңа белесті бағындыруда. Түсіріліміне Өзбекстан, Қазақстан және АҚШ мамандары бірлесе атсалысқан, режиссер Джейкоб Шварцтың «Темірлан» (Tamerlane: Rise of the Last Conqueror) тарихи экшн-драмасы халықаралық деңгейде...

1-маусым: Қазақстандағы балалар жағдайына демографиялық және әлеуметтік шолу

1-маусым: Қазақстандағы балалар жағдайына демографиялық және әлеуметтік шолу

by adym
01.06.2026
0

Бүгін еліміздің ең басты байлығы мен жарқын болашағының кепілі болған бүлдіршіндердің мерекесі. Балалардың құқықтарын қорғау, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі....

Next Post
«Соңғы қоңырау» ма, әлде әлеуметтік жарыс па?

"Соңғы қоңырау" ма, әлде әлеуметтік жарыс па?

Ұсынамыз

Қазақстанның ірі қалаларындағы жанармай нарығы: Бүгінгі баға қандай?

Қазақстанның ірі қалаларындағы жанармай нарығы: Бүгінгі баға қандай?

08.06.2026
Рәміздер күнін тәуелсіз ұрпақ трендке айналдыруда

Рәміздер күнін тәуелсіз ұрпақ трендке айналдыруда

04.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    593 shares
    Share 237 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 shares
    Share 235 Tweet 147
  • Путин сыйлаған төрт жолбарыс: Қазақстанға «Дала еркесінің» оралуы нені білдіреді?

    587 shares
    Share 235 Tweet 147
  • Президент Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

    586 shares
    Share 234 Tweet 147
  • ЖСДП Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын жариялады

    586 shares
    Share 234 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.